Пошта қыметкерлерінің жалақысы неге төмен - "Қазпошта" басшысы түсіндірді
11:20 04.12.2024 (жаңартылды: 18:24 05.12.2024)
© Photo : АО "Казпочта"АО "Казпочта" вручила новую униформу, сумки и мобильные телефоны почтальонам Астанинского почтамта
© Photo : АО "Казпочта"
Жазылу
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. "Қазпошта" басшысы Әсел Жанасова пошташылардың жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Қазпошта 20 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Олардың ішінде пошташылар да аз емес. Ал олардың жалақысы төмен.
“Иә, шыны керек, бізде ауылдық жерде операторлар мен пошташылар аз жалақы алады. Неге десеңіз, себебі сәлемдемелер, хаттар мен газеттер аз келеді. Содан мамандарымыз 0,2-0,7 ставкамен жұмыс істейді. Біз екі жылда жалақыны 25 процентке көтердік, биыл тағы 15 процентке арттырдық. Бұдан бөлек, жылына үш рет барлық қызметкерге сыйақы беріледі. Табысымыз артса, біз алдымер жалақыны көтереміз”,-деді Жанасова бүгін мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, бүгінде пошта бөлімшелерін ашуға да біраз ақша керек. Сол себепті бөлімшелер әкімдік ғимараттатында және дүкендерде ашылып отыр. Соның арқасында ауылдарда пошта қызметі тоқтаған жоқ. Қазіргі кезде жылжымалы пошта бөлімшелері де бар.
“Мысалы, ауылдағы пошта бөлімшелерінің бәрін жөндеп шығу үшін 14 млрд теңге қажет. Екі жылда 2 млрд теңге бөлдік. Осы ақшаға 244 бөлімше жөнделді”, - деп атап көрсетті Жанасова.
Айта кетері, пошташылардың орташа жалықысы 160 мың теңге, ал 0,2 ставкамен істейтіндер 32 мың теңгедей алады.