https://sputnik.kz/20241204/qazposhtada-salemdemeler-qr-kodpen-beriledi-49025299.html
"Қазпоштада" сәлемдемелер QR-кодпен беріледі
"Қазпоштада" сәлемдемелер QR-кодпен беріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары пошта туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қарастыруға кірісті. Соның аясында... 04.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-04T10:33+0500
2024-12-04T10:33+0500
2024-12-04T10:33+0500
қазпошта
заң
https://sputnik.kz/img/1362/66/13626606_72:0:3713:2048_1920x0_80_0_0_cd1d44bd10385fed180573cedaabd05c.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары пошта туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қарастыруға кірісті. Соның аясында сәлемдемелерді QR-код пен SMS арқылы беру қызметін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, QR-код пен SMS-ті пошта бөлімшесінде көрсетіледі. Сондықтан алаяқтарға алдану қаупі төмен. Қазпошта басшысы Әсел Жанасованың сөзіне қарағанда, бүгінде ауыл тұрғындары, әсіресе, шалғай елді мекендер пошта қызметін жиі пайдаланады. Себебі басқа маркетплейстер алыс жерге бармайды. Ал ауыл тұрғындары интернет арқылы тапсырыс көп жасайды. Соның арқасында Қазпоштаның табысы да көбейді.
https://sputnik.kz/20240926/qazposhta-kassirleri-eki-zhyl-boyy-khalyqtyn-aqshasyn-urlagan-47354843.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1362/66/13626606_527:0:3258:2048_1920x0_80_0_0_09d2ccfabaa51d838eda072f383eead0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазпошта, заң
"Қазпоштада" сәлемдемелер QR-кодпен беріледі
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары пошта туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қарастыруға кірісті. Соның аясында сәлемдемелерді QR-код пен SMS арқылы беру қызметін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, QR-код пен SMS-ті пошта бөлімшесінде көрсетіледі. Сондықтан алаяқтарға алдану қаупі төмен.
“Қашықтан QR-код пен SMS-ті ешкім сұрамайды. Бүгін басқа маркетплейстерден сәлемдемені қалай аламыз, тура солай Қазпоштада болады. Бір ғана мәселеге баса мән берген жөн, біздің азаматтарымызды телефонмен ешкімге код бермеу керектігін ескертіп қойғанымыз дұрыс. Сәлемдемені солай ғана аласыз деп алдаса да, сенбеу керек. QR-код пен SMS пошта бөлімшесінде ғана көрсетіледі”- деді Смышляева бүгін мәжілістің жалпы отырысында.
Қазпошта басшысы Әсел Жанасованың сөзіне қарағанда, бүгінде ауыл тұрғындары, әсіресе, шалғай елді мекендер пошта қызметін жиі пайдаланады. Себебі басқа маркетплейстер алыс жерге бармайды. Ал ауыл тұрғындары интернет арқылы тапсырыс көп жасайды. Соның арқасында Қазпоштаның табысы да көбейді.