Мемлекетке 250 млн теңге залал келтіргендер сотталды

© Photo : ТОО "Тау-Кен Алтын" Гранулы золота
Гранулы золота - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2024
Жазылу
Жалған алтын зергерлік бұйымдар елдің базарлары мен зергерлік дүкендерінде сатылған
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында алтынды заңсыз өндірді деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары елордада сотталды, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының сайты.
Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қарады.
"Көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы ұйымдасқан 12 күдікті құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірумен және өңдеумен, сондай-ақ зергерлік бұйымдарды қолдан өндірумен айналысқанын дәлелдеп шықты", - деп жазылған хабарламада.
Жалған алтын зергерлік бұйымдар елдің базарлары мен зергерлік дүкендерінде сатылған.
Қылмыстық схеманы Ресей мен Украина азаматтарын тарта отырып, Қазақстан азаматы ұйымдастырған. Мемлекетке келтірілген залал 250 млн теңгені құрады.
Сотталғандар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Өңірлер
Ақмола облысында 130 млн теңгенің алтынын ұрлаған кеншілер ұсталды
Жаңалықтар
0