https://sputnik.kz/20231202/aqmola-oblysynda-130-mln-tengenin-altynyn-urlagan-kenshiler-ustaldy-40581100.html
Ақмола облысында 130 млн теңгенің алтынын ұрлаған кеншілер ұсталды
Ақмола облысында 130 млн теңгенің алтынын ұрлаған кеншілер ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер алтынды жұмыс киімінің ішіне жасырып, алып шығуға тырысқан 02.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-02T15:37+0500
2023-12-02T15:37+0500
2023-12-02T15:37+0500
өңірлер
алтын өндіру
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/05/17/051730_0:174:3020:1873_1920x0_80_0_0_06fee0b2225e3d4957e570562b65ccaa.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында кеншілер 130 млн теңгенің алтынын ұрлап жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.Қылмыстық топ Степногорск қаласына қарасты Ақсу кенішінде ұсталды. Барлығы – алтын өндіруші кәсіпорынның қызметкерлері. Оларды технологиялық учаскенің шебері басқарып отырған."Күдіктілер бейнебақылау жүйесімен қамтылмаған аймақтарды пайдаланып, ұрланған затты жұмыс киімінің ішіне жасырып алып шығуға тырысқан. Ұсталғандардан құрамында 4,5 келі таза алтыны бар 7 келі концентрат алынды", - дейді полицейлер.Тәркіленген алтынның жалпы құны 130 млн теңгеден асады.Қылмыстық топтың мүшелері тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша тергеліп жатыр.
https://sputnik.kz/20231124/turkistan-oblysynda-altyn-barlaushy-kompaniya-men-turgyndar-dauy-orship-barady-40387377.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/05/17/051730_146:0:2875:2047_1920x0_80_0_0_07000cd461fdedb11251b399c025fa40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын өндіру, ақмола облысы
алтын өндіру, ақмола облысы
Ақмола облысында 130 млн теңгенің алтынын ұрлаған кеншілер ұсталды
Күдіктілер алтынды жұмыс киімінің ішіне жасырып, алып шығуға тырысқан
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында кеншілер 130 млн теңгенің алтынын ұрлап жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық топ Степногорск қаласына қарасты Ақсу кенішінде ұсталды. Барлығы – алтын өндіруші кәсіпорынның қызметкерлері. Оларды технологиялық учаскенің шебері басқарып отырған.
"Күдіктілер бейнебақылау жүйесімен қамтылмаған аймақтарды пайдаланып, ұрланған затты жұмыс киімінің ішіне жасырып алып шығуға тырысқан. Ұсталғандардан құрамында 4,5 келі таза алтыны бар 7 келі концентрат алынды", - дейді полицейлер.
Тәркіленген алтынның жалпы құны 130 млн теңгеден асады.
Қылмыстық топтың мүшелері тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша тергеліп жатыр.