https://sputnik.kz/20231124/turkistan-oblysynda-altyn-barlaushy-kompaniya-men-turgyndar-dauy-orship-barady-40387377.html
Түркістан облысында алтын барлаушы компания мен тұрғындар дауы өршіп барады
Түркістан облысында алтын барлаушы компания мен тұрғындар дауы өршіп барады
Sputnik Қазақстан
Түлкібастағы Қайыршақты ауылына "алтын бар-жоғын білеміз" деп кірген барлаушы компания бас-аяғы үш жылда ауылдың астаң-кестеңін шығарған 24.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-24T09:07+0500
2023-11-24T09:07+0500
2023-11-24T09:07+0500
түркістан облысы
алтын өндіру
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/13/18450853_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_91928afb6ee34f6727e10baca748b04a.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Түркістан облысында алтын барлаушы компаниямен тұрғындар арасындағы дау өршіп барады, деп хабарлайды КТК. Түлкібас ауданындағы Абай ауылының жұрты жайылым жеріне алтын іздеп келушілерді кіргізуге үзілді-кесілді қарсы. Себебі "Аурус" деп аталатын компания бірер жыл бұрын көршілес Қайыршақты деп аталатын ауылдың астаң-кестеңін шығарып кеткен. Одан кейін ауылда су тартылып, жайылым жер қалмаған. Барлаушылардың техникасын жолатпау үшін ауылдықтар 4-5 адамнан тәулік бойы кезекшілік жасап, жерлерін қоруға дейін барды.Түлкібастағы Қайыршақты ауылына "алтын бар-жоғын білеміз" деп кірген барлаушы компания бас-аяғы үш жылда ауылдың астаң-кестеңін шығарған. 100 гектарға жуық жердің тал-терегі сүріліп, топырағы қопарылып тастаған. Барлаушылардың әрекетінің кесірінен жайылымнан да, судан да айрылдық дейді жұрт.Енді сол барлаушылар көрші Абай ауылының аумағына кірмек болғанда ел өре түрегелді. Келген техникасын қырдан асыра қуып, қазір компанияның тек бірнеше контейнері тұр. Өзен мен таудың бойында ауыл жігіттері алтын іздегендер кірмес үшін кезекші топтарды ұйымдастырып, жерлерін қоруға көшкен.Жастары жер қорып жатқанда, қалған тұрғындар кәсіпкермен кездесіп, мәселені көлденеңнен қойды. Мәдениет үйіне жиналған жұрт аудан мен облыстан құзырлы мекемелердің басшыларын шақырған. Дүйім жұрт алдында "қалай болса да жерді қазамын" деген кәсіпкермен елдің әңгімесі жарасқан жоқ. "Барлауға бізде лицензиямыз бар, одан бөлек бізде экологияның қағазы бар, біздің жеріміз бар, заңды. Біз заңсыз болса, басымыз екеу емес", - дейді мердігер мекеменің директоры Нәзипа Мамықова.Ал шенеуніктер барлаушы компания Түлкібаста қанша гектар жерді, қашан алғанын білмейміз деп ақталды. Егер халық қарсы болса, онда барлаушыларға алтын түгілі, бақыр да жоқ деп отыр. "Жер құжаты бар деп отыр, сатып алғанбыз дейді, бір азаматтан. Бірақ ол қазір дәлелін тапқан жоқ. Себебі халықтың алдында көрсете алмады құжаттарын. Негізі, қазу үшін халықтың, қоғамдық тыңдауы өту керек. Халық қарсы болған жағдайда қазуға құқы жоқ", - дейді Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов.Енді аудан мен облыстан келген құзырлы мекемелердің өкілдері мен белсенді тұрғындардан арнайы комиссия құрылатын болды. Сөйтіп барлаушы компанияның әр құжаты жіті зерттелмек. Оған дейін Қайыршақты ауылының құтын қашырған компания қопарып тастаған жерін қайта қалпына келтіруге міндеттеледі.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/13/18450853_84:0:1044:720_1920x0_80_0_0_4d87242d65990a167f82d7ef72e76d9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, алтын өндіру
түркістан облысы, алтын өндіру
Түркістан облысында алтын барлаушы компания мен тұрғындар дауы өршіп барады
Түлкібастағы Қайыршақты ауылына "алтын бар-жоғын білеміз" деп кірген барлаушы компания бас-аяғы үш жылда ауылдың астаң-кестеңін шығарған
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Түркістан облысында алтын барлаушы компаниямен тұрғындар арасындағы дау өршіп барады, деп хабарлайды
КТК. Түлкібас ауданындағы Абай ауылының жұрты жайылым жеріне алтын іздеп келушілерді кіргізуге үзілді-кесілді қарсы. Себебі "Аурус" деп аталатын компания бірер жыл бұрын көршілес Қайыршақты деп аталатын ауылдың астаң-кестеңін шығарып кеткен. Одан кейін ауылда су тартылып, жайылым жер қалмаған. Барлаушылардың техникасын жолатпау үшін ауылдықтар 4-5 адамнан тәулік бойы кезекшілік жасап, жерлерін қоруға дейін барды.
Түлкібастағы Қайыршақты ауылына "алтын бар-жоғын білеміз" деп кірген барлаушы компания бас-аяғы үш жылда ауылдың астаң-кестеңін шығарған. 100 гектарға жуық жердің тал-терегі сүріліп, топырағы қопарылып тастаған. Барлаушылардың әрекетінің кесірінен жайылымнан да, судан да айрылдық дейді жұрт.
Енді сол барлаушылар көрші Абай ауылының аумағына кірмек болғанда ел өре түрегелді. Келген техникасын қырдан асыра қуып, қазір компанияның тек бірнеше контейнері тұр. Өзен мен таудың бойында ауыл жігіттері алтын іздегендер кірмес үшін кезекші топтарды ұйымдастырып, жерлерін қоруға көшкен.
"Мына ауылымызды сақтап қалу үшін бәріне дайынбыз. Техникасы кіріп кетпес үшін осынша 4-5 адамнан ауылдың құрам жасақтап, кезекшілікте тұрып жатырмыз. Техникасы келген жағдайда өздеріне қиын болады. Техникасы ауылымызға кірмей, өз жөнімен кетсін", - дейді Арман Молдаш.
Жастары жер қорып жатқанда, қалған тұрғындар кәсіпкермен кездесіп, мәселені көлденеңнен қойды. Мәдениет үйіне жиналған жұрт аудан мен облыстан құзырлы мекемелердің басшыларын шақырған. Дүйім жұрт алдында "қалай болса да жерді қазамын" деген кәсіпкермен елдің әңгімесі жарасқан жоқ.
"Барлауға бізде лицензиямыз бар, одан бөлек бізде экологияның қағазы бар, біздің жеріміз бар, заңды. Біз заңсыз болса, басымыз екеу емес", - дейді мердігер мекеменің директоры Нәзипа Мамықова.
Ал шенеуніктер барлаушы компания Түлкібаста қанша гектар жерді, қашан алғанын білмейміз деп ақталды. Егер халық қарсы болса, онда барлаушыларға алтын түгілі, бақыр да жоқ деп отыр.
"Жер құжаты бар деп отыр, сатып алғанбыз дейді, бір азаматтан. Бірақ ол қазір дәлелін тапқан жоқ. Себебі халықтың алдында көрсете алмады құжаттарын. Негізі, қазу үшін халықтың, қоғамдық тыңдауы өту керек. Халық қарсы болған жағдайда қазуға құқы жоқ", - дейді Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов.
Енді аудан мен облыстан келген құзырлы мекемелердің өкілдері мен белсенді тұрғындардан арнайы комиссия құрылатын болды. Сөйтіп барлаушы компанияның әр құжаты жіті зерттелмек. Оған дейін Қайыршақты ауылының құтын қашырған компания қопарып тастаған жерін қайта қалпына келтіруге міндеттеледі.