Мәжіліс бір жыл бойы талқыланған кодексті қабылдады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары бір жыл бойы талқыланған Бюджет кодексін сенаттың қарауына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төменгі палата спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, кодексте депутаттардың тарапынан айтылған сын-ескертпелердің барлығы ескерілді.
"Әсіресе, Ұлттық қор ресурстарын тиімсіз жұмсау мәселесі жиі көтерілген болатын. Осы орайда жаңа Бюджет кодексінде сол қаражатты нақты мақсаттарға пайдалану жөнінде норма бекітілді. Ел президенті де бізге осындай тапсырма берген болатын. Енді Ұлттық қор қаражаты тек өндіріске немесе елді мекендердің өмірлік маңызы бар инфрақұрылымына жұмсалады", - деді Қошанов бүгін мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бөлек, "Самұрық-Қазына" қорының кем дегенде 50 пайыз, ал квазимемлекеттік компаниялардың 70 пайыз табысы бюджетке аударылатын болады. Бұрын бұл талап үкімет қаулысымен бекітілетін. Енді заң жүзінде кодекске енгізіліп отыр.
"Ал жоспарлау аясын кеңейту үшін енді 10 жылға арналған ұзақмерзімді болжам жасалады. Бұл тәсіл қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бюджет шығысын дұрыс жоспарлауға, бюджетті тиімді игеруге мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті спикер.
Басқа да өзгерістер:
бюджет кірістерінің бір бөлігін республикалық деңгейден жергілікті билік органдары деңгейіне беру;
республикалық бюджетке енгізілетін барлық түзету туралы парламентке хабарлау;
квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметіне парламент бақылауын күшейту;
Осылайша, бүгін мәжіліс депутаттары бір жыл бойы талқыланған Бюджет кодексін қабылдады. Енді оны сенат қарайды.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2024
Ауылдарға бөлінетін бюджет көлемі артады – экономика министрі
Жаңалықтар
0