Ауылдарға бөлінетін бюджет көлемі артады – экономика министрі

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2024
Жазылу
Қазақстанда 6 256 ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Ауылдардың бюджеті 2,5 есеге ұлғаяды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, ауылдардың экономикасын қарқынды дамыту үшін ауыл бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайту қажет.
"Осы мақсатта бюджеттің IVдеңгейіндегі кірістерін 2,5 есе арттырып, 167 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік беретін қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарлануда. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығының 50%-ы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, пайдаланғаны үшін төлемақы және жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем", — деді Байбазаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, бұған дейін біраз жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 578 нысанды, 1,7 мың әлеуметтік нысанды және 3 мыңнан астам ауылішілік жолдарды салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Ал биыл республикалық бюджеттен 179 млрд теңге бөлініп, 500-ден астам ауылда 1,4 мың жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Айта кетері, Қазақстанда 6 256 ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады, олар жалпы еліміздегі халық санының 38,4 процентін құрайды.
Тонометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге біржолғы көтерме ақы беріледі
Жаңалықтар
0