https://sputnik.kz/20241203/qazaqstan-men-reseydin-sauda-operatsiyasyndagy-8-mlrd-dollar-maskeuge-tiesili-49002479.html
Қазақстан мен Ресейдің сауда операциясындағы 8 млрд доллар Мәскеуге тиесілі
Қазақстан мен Ресейдің сауда операциясындағы 8 млрд доллар Мәскеуге тиесілі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. "Астанадағы Мәскеу күндері" аясында бірқатар іс-шаралар, соның ішінде осы форум, басқа жеке кездесулер өтті. 03.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-03T10:38+0500
2024-12-03T10:38+0500
2024-12-03T10:38+0500
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/03/48998519_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_b5b1a22969f537e885509fa119a04e74.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. "Астанадағы Мәскеу күндері" аясында бірқатар іс-шаралар, соның ішінде осы форум, басқа жеке кездесулер өтті.Мәселен, Мәскеу қалалық думасының төрағасы Алексей Шапошников Қазақстан мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттарымен келіссөз барысында делегацияның республикаға сапарының маңыздылығын айтты.Ол Астанада жылы қарсы алғаны үшін ризашылығын білдіріп, елдер арасында шынайы тату көршілік қарым-қатынастар қалыптасқанын баса айтты.Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады."Елдеріміз арасында тату көршілік пен сенімді қарым-қатынас орнады. Барлық мемлекеттік орган бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр. Сіздің бүгінгі сапарыңыз осындай өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне жол ашады. Біздің депутаттар Ресей депутаттарымен бірге жұмыс істейді. Біз мұндай бастаманы толығымен құптаймыз", - деді Қошанов.Путиннің Қазақстанға сапарынан кейін өткен кездесу ең жоғары деңгей болып отыр және екі ел басшылары арасындағы қарым-қатынасты үлгі боларлықтай деп атауға болады, деді Қошанов.Мәскеу сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Черемин айтқандай, Қазақстан мен Ресей серіктестері арасындағы сыртқы сауда операцияларының жалпы көлемінің шамамен 8 миллиард доллары ресейлік астанаға тиесілі. Екі астана арасындағы қарым-қатынас өте белсенді дамып келеді.
https://sputnik.kz/20241129/qazaqstan-men-resey-iskerlik-yntymaqtastyq-ulgisine-koship-zhatyr-48914548.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/03/48998519_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c4e1b82a2582edbb76ca1fd223bbc307.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. "Астанадағы Мәскеу күндері" аясында бірқатар іс-шаралар, соның ішінде осы форум, басқа жеке кездесулер өтті.
Мәселен, Мәскеу қалалық думасының төрағасы Алексей Шапошников Қазақстан мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттарымен келіссөз барысында делегацияның республикаға сапарының маңыздылығын айтты.
"Бүгінде халықаралық ынтымақтастықтың рөлі, әсіресе Қазақстан серіктес ел ретінде шақыру алған БРИКС елдерінің өзара іс-қимылы аясында артып келеді", - деді Алексей Шапошников.
Ол Астанада жылы қарсы алғаны үшін ризашылығын білдіріп, елдер арасында шынайы тату көршілік қарым-қатынастар қалыптасқанын баса айтты.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады.
"Елдеріміз арасында тату көршілік пен сенімді қарым-қатынас орнады. Барлық мемлекеттік орган бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр. Сіздің бүгінгі сапарыңыз осындай өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне жол ашады. Біздің депутаттар Ресей депутаттарымен бірге жұмыс істейді. Біз мұндай бастаманы толығымен құптаймыз", - деді Қошанов.
Путиннің Қазақстанға сапарынан кейін өткен кездесу ең жоғары деңгей болып отыр және екі ел басшылары арасындағы қарым-қатынасты үлгі боларлықтай деп атауға болады, деді Қошанов.
Мәскеу сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Черемин айтқандай, Қазақстан мен Ресей серіктестері арасындағы сыртқы сауда операцияларының жалпы көлемінің шамамен 8 миллиард доллары ресейлік астанаға тиесілі. Екі астана арасындағы қарым-қатынас өте белсенді дамып келеді.