https://sputnik.kz/20241203/bes-shakhterdin-olimi-sot-kinalilerdin-shagymyn-qanagattandyrmady-49003349.html
Бес шахтердің өлімі: сот кінәлілердің шағымын қанағаттандырмады
Бес шахтердің өлімі: сот кінәлілердің шағымын қанағаттандырмады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облыстық соты Ленин атындағы шахтада болған жарылысқа қатысты аппелияциялық шағымды қарады, деп хабарлайды облыстық... 03.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-03T12:37+0500
2024-12-03T12:37+0500
2024-12-03T12:37+0500
шахта
апат
https://sputnik.kz/img/1182/51/11825181_0:213:2048:1365_1920x0_80_0_0_153f98c241e006a71437289724b954c3.jpg
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облыстық соты Ленин атындағы шахтада болған жарылысқа қатысты аппелияциялық шағымды қарады, деп хабарлайды облыстық сотының баспасөз қызметі.Бірінші сатыдағы сот үкімін Шахтинск қалалық соты шығарған болатын.Алайда сотталғандар бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспей, оның күшін жоюды және олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрам жоқ деп, өздерін ақтауды сұрады.Апелляциялық сатыдағы сот мәліметінше, істің нақты мән-жайлары дұрыс анықталған.“Тау жыныстарының бремсберг өндірісінен көтерілетін газды дренажды және дренажды ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ бен шаңның көп мөлшері шығарылған, шекті нормадағы метанмен газданған. Әрі қарай, ұшқын пайда болып, метан газы жанған. Салдарынан жарылыс болды”, - делінген хабарламада. Жарылыс салдарынан бес шахтер оқиға орнында қайтыс болып, төрт шахтердің денсаулығына орташа және ауыр зиян келтірілді.Сотталғандардың кінәсі толық дәлелденген.“Сот алқасы Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені және біліктілігінің дұрыстығы туралы сот қорытындыларымен келісті. Сот сотталғандарға жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, олардың жеке басын ескере отырып, ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігінің санкциясы шегінде жаза тағайындады”, - дейді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.Сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.Еске сала кетейік, 2022 жылы 3 қарашада түнгі 3-те "АрселорМиттал Теміртауға" қарайтын Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада жарылыс болды. 106 жұмысшы эвакуацияланып, бес шахтер қайтыс болды, тағы төрт жұмысшы ауруханаға жатқызылды.
https://sputnik.kz/20221123/shakhtadagy-apat-ministr-komissiya-zhumysynyn-qorytyndysymen-bolisti-29646855.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1182/51/11825181_228:0:2048:1365_1920x0_80_0_0_fc2692ab4b8f917317c10178fb190c95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, апат
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облыстық соты Ленин атындағы шахтада болған жарылысқа қатысты аппелияциялық шағымды қарады, деп хабарлайды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Бірінші сатыдағы сот үкімін Шахтинск қалалық соты шығарған болатын.
“Бірінші сатыдағы сот үкімімен жауапты 4 маман Ленин атындағы шахтаның бас инженері, ауысым бастығы бола отырып, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны, жарылыс толқыны салдарынан бес шахтер қаза тапқаны, төрт шахтердің денсаулығына орташа және ауыр зиян келтіргені үшін Қылмыстық Кодекстің 277-бабы 3 бөлігімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды”, - делінген сот хабарламасында.
Алайда сотталғандар бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспей, оның күшін жоюды және олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрам жоқ деп, өздерін ақтауды сұрады.
Апелляциялық сатыдағы сот мәліметінше, істің нақты мән-жайлары дұрыс анықталған.
“Тау жыныстарының бремсберг өндірісінен көтерілетін газды дренажды және дренажды ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ бен шаңның көп мөлшері шығарылған, шекті нормадағы метанмен газданған. Әрі қарай, ұшқын пайда болып, метан газы жанған. Салдарынан жарылыс болды”, - делінген хабарламада.
Жарылыс салдарынан бес шахтер оқиға орнында қайтыс болып, төрт шахтердің денсаулығына орташа және ауыр зиян келтірілді.
Сотталғандардың кінәсі толық дәлелденген.
“Сот алқасы Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені және біліктілігінің дұрыстығы туралы сот қорытындыларымен келісті. Сот сотталғандарға жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, олардың жеке басын ескере отырып, ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігінің санкциясы шегінде жаза тағайындады”, - дейді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Еске сала кетейік, 2022 жылы 3 қарашада түнгі 3-те "АрселорМиттал Теміртауға" қарайтын Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада жарылыс болды. 106 жұмысшы эвакуацияланып, бес шахтер қайтыс болды, тағы төрт жұмысшы
ауруханаға жатқызылды.