Оқиға

Шахтадағы апат: министр комиссия жұмысының қорытындысымен бөлісті

Шахта имени Ленина - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Шахтинскідегі Ленин атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаны тексерудің қорытындысын жариялады.
Еске салсақ, 3 қарашаға қараған түні Ленин атындағы көмір шахтасында, алдын ала мәлімет бойынша, ауаға метан шығуы салдарынан жарылыс болған. Ол бес кеншінің өмірін жалмады. Тағы бірнеше адам ауыр жараланды.
Ильиннің айтуынша, тұтану бұрғылау штангасының металл бекіткіштерге үйкелісінен ұшқын пайда болуы нәтижесінде туындаған. Бұл ретте инженерлік-техникалық қызметкерлер тарапынан, яғни, көмір департаментінен де, шахтаның өзіннен де тиісті бақылау болмаған.
"Комиссия қауіпті қалдықты қабатты ашу кезінде бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газдар мен көмір тозаңдарының жоғары көлемде шығуымен байланысты кенеттен болған газ-динамикалық құбылыстың салдарынан апат болды деген қорытындыға келді", - деді төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Сондай-ақ ол қауіпті учаскедегі метан шығуын болжау қызметінің штатында тау-кен мамандары болмағанын, іс жүзінде 13 адам болғанын, ал ненізінде 25 адам болуы керек екенін айтты.
Штатта жер асты электр мамандары да болмағанын, талапқа сәйкес 25 адамның орнында іс жүзінде 16 адам болғанын мәлімдеді.
"Жұмысшылардың кінәсі 0%, жұмыс берушінің кінәсі 100% болды", - деді Ильин.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы АрселорМиттал Теміртау кәсіпорындарында үнемі өлім-жітім болып жатқанын айтып, компанияның барлық нысандарында мұқият тексеру өткізу керектігін айтты.
Жаңалықтар
0