Ақмола облысында бір үйдің екі баласы көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи
Автомобиль скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысы Бұланды ауданы Шұбаркөл ауылында екі бала иіс тиіп көз жұмды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бұланды ауданы Шұбарағаш ауылында жеке тұрғын үйде өрт болған.
"2017 және 2021 жылы туған екі бала иіс тиіп қайтыс болды. ТЖД шұғыл нөмірлеріне қоңырау түскен жоқ. Өртті куәгерлер сөндірген", - дейді ведомство.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұланды ауданының ТЖ бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2024
Солтүстік Қазақстанда тоғыз адамнан тұратын отбасы иіс тиіп ауруханаға түсті
Жаңалықтар
0