Ұлттық банк инфляцияға қатысты болжамды өзгертті

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Национального банка Казахстана в Нур-Султане. Виды столицы
Здание Национального банка Казахстана в Нур-Султане. Виды столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2024
Жазылу
Жаңа болжам бойынша 2025 жылы инфляция 6,5-8,5% аралығында болады
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі алдағы жылдарға жасалған инфляция болжамын қайта қарады.
Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің неліктен көтерілгенін түсіндіре келе, 2024 жылға инфляция болжамы 8-9%-ке дейін нақтыланғанын хабарлады.
Жаңа болжам бойынша 2025 жылы инфляция 6,5-8,5% аралығында болады. Еске сала кетейік, тамызда 2025 жылы инфляция 5,5-7,5%-ке дейін баяулайды деп болжанған болатын.
"Инфляцияны қайта қарау ішкі және сыртқы факторлар тарапынан келетін қысымның өсуіне байланысты. 2026 жылы ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты бағаның өсуін 5,5-7,5%-ке дейін бәсеңдетуге ықпал етеді. Жалпы инфляция бойынша 5%-тік мақсатқа жету 2027 жылдың қорытындысы бойынша күтіледі", - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.
Инфляцияға қатысты болжамдағы негізгі тәуекелдер:
ішкі сұраныстан туындайтын қысымның одан әрі күш алуы,
реттелетін бағалардың өсуі және олардың инфляциялық күтулерге жанама әсері,
сыртқы ортадағы белгісіздіктің артуы.
Оның айтуынша Қазақстан экономикасының 2024 жылға өсу болжамы 4,0-4,5% шегінде нақтыланды. Болжамды кезеңде іскерлік белсенділік фискалдық шаралар мен ұсыныстан асатын ішкі сұраныстың өсуімен ынталандырылады.
"Келесі жылдан бастап мұнай секторында өндірістің өсуін қалпына келуі экономикаға қолдау көрсетеді. Дегенмен мұнайдың төмен бағалары есебінен 2025 және 2026 жылдардағы жалпы ішкі өнімнің өсімі бойынша біздің бағамыз 4,5-5,5%-ке және 4,6-5,6%-ке дейін төмендету жағына қайта қаралды", - деп түйіндеді Сүлейменов.
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2024
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді
Жаңалықтар
0