https://sputnik.kz/20240827/inflyatsiya-kelesi-zhyly-55-75-protsentke-deyin-bayaulaydy-46617993.html
Келесі жылы инфляция 5,5-7,5 процентке дейін баяулайды
Келесі жылы инфляция 5,5-7,5 процентке дейін баяулайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық банк алдағы... 27.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-27T15:45+0500
2024-08-27T15:45+0500
2024-08-27T16:04+0500
инфляция
https://sputnik.kz/img/571/81/5718137_0:0:2017:1134_1920x0_80_0_0_bc8c4ad912d6bca868c3fdf2980aae27.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық банк алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджет параметрлерін әзірлеуге қатысқанын хабарлады.Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше Тимур Сүлейменов болжамның негізгі үш тармағын баяндады.БІРІНШІ. Инфляция 2024 жылғы 7,5-9,5%-тен, 2025 жылы 5,5-7,5%-ке дейін баяулайды. Кейін инфляция 5%-дық ортамерзімді таргет төңірегінде тұрақтайды деп болжанып отыр.Инфляцияның төмендеуіне – іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты, әлемдік тауар нарығындағы бағаның тұрақтануы, сауда-серіктес елдердегі инфляцияның таргетке жақындауы, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасының іске асыру жұмыстары әсер етеді.ЕКІНШІ. Төлем балансы: тауар экспортының өсуіне өндіру көлемін ұлғайту есебінен мұнай компоненті көптеп үлес қосатын болады. Мұнайға жатпайтын экспорт түстi және қара металдардың, кеннiң, сондай-ақ уранның жоғары әлемдiк бағаларынан қолдау табады. Үкіметтің болжамдарына сәйкес, шикізатқа жатпайтын экспорт та ұлғаяды. 2025 жылғы экспорт 2024 жылғы 80,8 млрд доллардан 82,3 млрд долларға дейін өседі.Импорт көлемі 2025 жылы 61,3 млрд долларға жетеді.ҮШІНШІ. Ұлттық қор. Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 57,8 млрд доллар деңгейінде бағаланады, ал 2027 жылы 74 млрд долларға дейін өседі. Бұл сомаға облигациялық несилер мен "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның акцияларын сатып алу кіреді. 2025 жылға 5,4 трлн теңге көлемінде қаражат тарту жоспарлануда.Ал, кейінгі болжам жасалған жылдары трансферт көлемі тарихи көлемнен едәуір төмен болады. Атап айтқанда, 2026- 2027 жылдары трансферт сомасы тек 2 трлн теңгені құрап отыр. Аталған жылдарда нысаналы трансферт көзделмеген. "Ұлттық қордан қаражат алуды азайту шараларын қолдаймыз. Сонымен бірге, егер салық реформасы аясында республикалық бюджеттің кірісін едәуір арттыру бойынша елеулі және жүйелі шаралар іске асырылмаса, 2026-2027 жылдары Ұлттық қордан қосымша қаражат алуды талап ететін тәуекел бар, жоқ емес. Республикалық бюджеттің кірісін толықтыру мәселелері жаңа Салық кодексі, Үкіметтің жекешелендіру және фискалдық тәртіпті жақсарту жоспарлары аясында қаралуға тиіс деп есептейміз", - деді Сүлейменов.Ұлттық банк инфляцияны одан әрі төмендетуге және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын іске асыруды жалғастырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/571/81/5718137_109:0:1870:1321_1920x0_80_0_0_025f9186afa866f529984746e5e6a760.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық банк алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджет параметрлерін әзірлеуге қатысқанын хабарлады.
Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше Тимур Сүлейменов болжамның негізгі үш тармағын баяндады.
БІРІНШІ. Инфляция 2024 жылғы 7,5-9,5%-тен, 2025 жылы 5,5-7,5%-ке дейін баяулайды. Кейін инфляция 5%-дық ортамерзімді таргет төңірегінде тұрақтайды деп болжанып отыр.
Инфляцияның төмендеуіне – іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты, әлемдік тауар нарығындағы бағаның тұрақтануы, сауда-серіктес елдердегі инфляцияның таргетке жақындауы, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасының іске асыру жұмыстары әсер етеді.
ЕКІНШІ. Төлем балансы: тауар экспортының өсуіне өндіру көлемін ұлғайту есебінен мұнай компоненті көптеп үлес қосатын болады. Мұнайға жатпайтын экспорт түстi және қара металдардың, кеннiң, сондай-ақ уранның жоғары әлемдiк бағаларынан қолдау табады. Үкіметтің болжамдарына сәйкес, шикізатқа жатпайтын экспорт та ұлғаяды. 2025 жылғы экспорт 2024 жылғы 80,8 млрд доллардан 82,3 млрд долларға дейін өседі.
Импорт көлемі 2025 жылы 61,3 млрд долларға жетеді.
ҮШІНШІ. Ұлттық қор. Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 57,8 млрд доллар деңгейінде бағаланады, ал 2027 жылы 74 млрд долларға дейін өседі. Бұл сомаға облигациялық несилер мен "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның акцияларын сатып алу кіреді. 2025 жылға 5,4 трлн теңге көлемінде қаражат тарту жоспарлануда.
Ал, кейінгі болжам жасалған жылдары трансферт көлемі тарихи көлемнен едәуір төмен болады. Атап айтқанда, 2026- 2027 жылдары трансферт сомасы тек 2 трлн теңгені құрап отыр. Аталған жылдарда нысаналы трансферт көзделмеген.
"Ұлттық қордан қаражат алуды азайту шараларын қолдаймыз. Сонымен бірге, егер салық реформасы аясында республикалық бюджеттің кірісін едәуір арттыру бойынша елеулі және жүйелі шаралар іске асырылмаса, 2026-2027 жылдары Ұлттық қордан қосымша қаражат алуды талап ететін тәуекел бар, жоқ емес. Республикалық бюджеттің кірісін толықтыру мәселелері жаңа Салық кодексі, Үкіметтің жекешелендіру және фискалдық тәртіпті жақсарту жоспарлары аясында қаралуға тиіс деп есептейміз", - деді Сүлейменов.
Ұлттық банк инфляцияны одан әрі төмендетуге және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын іске асыруды жалғастырады.