https://sputnik.kz/20241129/dollar-600-tengege-deyin-bara-ma---ulttyq-bank-basshysy-zhauap-berdi-48933219.html
Доллар 600 теңгеге дейін бара ма - Ұлттық банк басшысы жауап берді
Доллар 600 теңгеге дейін бара ма - Ұлттық банк басшысы жауап берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 500 теңгеден асқан доллар бағамының келесі межеден қай кезде асатынын айтты, деп хабарлайды... 29.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-29T18:53+0500
2024-11-29T18:53+0500
2024-11-29T18:54+0500
доллар
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23257986_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_e8a196902deab05a7411b9ca61356dc0.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 500 теңгеден асқан доллар бағамының келесі межеден қай кезде асатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жақында доллар 500 теңгеден асты. Ұлттық банкке интервенция, яғни, өз қорынан доллар шығаруға тура келді. Соның арқасында шетелдік валютаның бағамы біршама түсті. Бүгінгі брифингте журналистер доллардың 600 теңгеден қай кезде асатынын сұрады.Айта кетері, бүгін бас банкир базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі де өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Сүлеймов өзінің жинаған ақшасын не істегенін ашық айтты.
https://sputnik.kz/20241129/ulttyq-bank-basshysy-dollar-oskennen-keyin-zhinagan-aqshasyn-ne-istegenin-aytty-48917375.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23257986_315:0:3046:2048_1920x0_80_0_0_f2624f6097635cf3f164e5ca15e4999e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доллар, ұлттық банк
Доллар 600 теңгеге дейін бара ма - Ұлттық банк басшысы жауап берді
18:53 29.11.2024 (жаңартылды: 18:54 29.11.2024) АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 500 теңгеден асқан доллар бағамының келесі межеден қай кезде асатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында доллар 500 теңгеден асты. Ұлттық банкке интервенция, яғни, өз қорынан доллар шығаруға тура келді. Соның арқасында шетелдік валютаның бағамы біршама түсті. Бүгінгі брифингте журналистер доллардың 600 теңгеден қай кезде асатынын сұрады.
“Бізде ондай жағдай ұзақ уақыт бойы болмайды деп үміттенемін. Сосын бірлескен жұмыстың нәтижесінде ішкі өндіріс қарқынын күшейтіп, импортты азайта аламыз деген сенім бар. Мықты сауда балансы болуы қажет. Экспорттық табыс көп түсуі керек. Себебі ішкі нарықта доллар көп болса, бағасы да төмен болады. Ал теңгенің құны жоғары тұрады. Сонда ғана біз бір доллар үшін 600 теңгелік межені ұзақ уақыт бойы көре алмаймыз”,- деді Сүлейменов.
Айта кетері, бүгін бас банкир базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі де өзгеруі мүмкін екенін
мәлімдеді. Сондай-ақ, Сүлеймов өзінің жинаған ақшасын не істегенін ашық
айтты.