Теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі көтеріле ме – Сүлейменов жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, земля, иллюстративное фото
Монеты, земля, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 процентке дейін көтерді. Банк басшысы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, осыдан кейін банктер теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесін өсіреді.
“Әрине, әрбір банктің өз саясаты бар. Дегенмен ереже сондай: егер біз базалық мөлшерлемені 1 процентке көтерсек, олар да 1 процентке көтеруі мүмкін. Бірақ банктер өздігінен шешім қабылдайды”, - деді Сүлейменов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, базалық мөлшерлемеге қатысты шешімнен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін жариялайды. Ал екінші деңгейлі банктер жаңадан ашылған мерзімсіз салымдар бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені бірден немесе кейінірек жаңадан бекітілген ең жоғары мөлшерлеменің шегіне дейін көтеруге немесе қолданыстағы шартты өзгеріссіз қалдыруға құқылы.
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2024
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді
Жаңалықтар
0