Қазақстан мен Ресей мұнай жөнелтудің жаңа бағыттарын талқылады

© Photo : КТК КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России
 КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен ресейлік мұнай мен газды Қазақстан аумағы арқылы Қытайға айдайтын жаңа бағыттарды құру мәселесін талқылағанын айтты. Бұл туралы Ресей президенті Астанадағы ҰҚШҰ отырысынан кейін БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз сондай-ақ мұнай мен газ өнімдерін үшінші елдерге, бірінші кезекте Қытай Халық Республикасына айдаудың жаңа бағыттарын құру мүмкіндігін талқыладық. Соның ішінде Якутия немесе Қазақстан аумағы арқылы жеткізу мәселелерін айттық", - деді Путин журналистерге.
Путин Ресей мен Қазақстан Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры арқылы жеткізілетін мұнай көлемін ұлғайту мәселесі де талқыланғанын айтты.
"Біз Қазақстан мұнайын Қазақстан Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры арқылы Новороссийск портына айдауды ұлғайту және қазақстандық мұнайды одан әрі әлемдік нарыққа жөнелту мүмкіндігін талқыладық. Бірақ бұл тек қазақстандық мұнай емес... Ол Қазақстан аумағынан аттандырылады деуге болады, бірақ ол соынмен қатар интернационалдық, интернационалдық сипатқа ие", – деді Путин.
Государственный визит президента РФ В. Путина в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
Путин Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытудың перспективасына баға берді
Жаңалықтар
0