Путин Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытудың перспективасына баға берді

© POOL / Медиабанкке өтуГосударственный визит президента РФ В. Путина в Казахстан
Государственный визит президента РФ В. Путина в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен тұрақты дамып жатыр, Ресеймен түрлі салаларда ынтымақтастық орнаған, деді Ресей президенті Владимир Путин журналистерге.

"Елдегі әлеуметтік-саяси жағдай тұрақты, бұл экономика саласындағы жұмысты жоспарлау және инвестициялар үшін өте маңызды, біздің тараптан Қазақстан экономикасына миллиардтаған инвестициялар құйылды. Мен бұған дейін тауар айналым 30 миллиард долларға жеткенін айтқан болатынмын және ол үнемі өсіп келеді. Біздің ынтымақтастығымыз ғарыш, энергетика, қазіргі кезде жоғары технологиялар саласында жалғасып келеді", - деді Путин.

Президент қазір бірқатар жобаларды кеңейтуге болатынын, мысалы, атом энергетикасы саласында, сондай-ақ өнеркәсіп саласында жақсы перспективалар бар екенін айтты.
Еске сала кетейік, Ресей басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қарашада Астанаға екі күндік мемлекеттік сапармен келді. Сәрсенбіде жоғары деңгейдегі келіссөздер өтті. Путин Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту перспективалары туралы айтты.
"Біз ежелден серіктес және одақтас елдерміз. Біздің болашағымыз да жарқын деп есептеймін. Кеше біз президент Қасым-Жомарт Кемелұлымен (Тоқаев - ред.) бейресми жағдайда осы перспективаларды талқыладық, тағы да қайталаймын - мен оларды өте оң деп бағалаймын", - деді Ресей президенті Путин журналистерге.
Жаңалықтар
0