https://sputnik.kz/20241122/zhanaozende-zhumysqa-shyqpay-qoygan-zhumysshylarga-qatysty-qanday-shara-qoldanylady-48731537.html
Жаңаөзенде жұмысқа шықпай қойған жұмысшыларға қатысты қандай шара қолданылады
Жаңаөзенде жұмысқа шықпай қойған жұмысшыларға қатысты қандай шара қолданылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов Жаңаөзенде жұмысқа шықпай қойған жұмысшылардың мәселесі қалай шешілетінін... 22.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-22T14:55+0500
2024-11-22T14:55+0500
2024-11-22T14:55+0500
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0a/44871972_147:0:814:375_1920x0_80_0_0_9451a06edd33ffd83cbc4cba7f403132.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов Жаңаөзенде жұмысқа шықпай қойған жұмысшылардың мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін "Өзенмұнайгаз" компаниясына қызмет көрсететін жүздеген жұмысшы митинге шығып, зейнетке шыққан мұнайшылардың балаларын жұмысқа алуды талап етті. Қазіргі кезде 141 адам жұмысқа шықпай отыр.Оның айтуынша, рұқсат етілмеген акциялар мәселені шешудің дұрыс жолы емес."Біз әрқашан ашықпыз, бас директор бар, Ақтаудағы өкілдігіміз бар, менің орынбасарым бар. Қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар болса, ашық талқылауға болады, тікелей диалог болуы керек", - деп атап көрсетті Хасенов.Ал журналистердің "Ереуілге шыққандардың барлығы бірдей жұмысқа шықпай қалса, не болады?" деген сұрағына: "Бұл заңды бұзу ғой. Демек, заң бойынша шара қолданылады", - деп қысқа ғана қайырды.Айта кетері, митингке шыққан жұмысшылардың барлығы "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" компаниясында жұмыс істейді. Ереуілдің салдарынан күн сайын қосымша 100 тонна мұнай өндірілмей жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0a/44871972_230:0:730:375_1920x0_80_0_0_4554c416c9f05a2b8b2eca47a0102b7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз
Жаңаөзенде жұмысқа шықпай қойған жұмысшыларға қатысты қандай шара қолданылады
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов Жаңаөзенде жұмысқа шықпай қойған жұмысшылардың мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін "Өзенмұнайгаз" компаниясына қызмет көрсететін жүздеген жұмысшы митинге шығып, зейнетке шыққан мұнайшылардың балаларын жұмысқа алуды талап етті. Қазіргі кезде 141 адам
жұмысқа шықпай отыр."Қазір біз 141 адамға белгілі бір уақыт беріп жатқан жоқпыз. Біз олардың арасында түсіндіру шараларын жүргізіп, жұмысқа шығуға үндеп жатырмыз. Ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ. Оны нақты айта аламын. Жұмысқа шығу қажет", - деді Хасенов Астанада өткен брифингте.
Оның айтуынша, рұқсат етілмеген акциялар мәселені шешудің дұрыс жолы емес.
"Біз әрқашан ашықпыз, бас директор бар, Ақтаудағы өкілдігіміз бар, менің орынбасарым бар. Қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар болса, ашық талқылауға болады, тікелей диалог болуы керек", - деп атап көрсетті Хасенов.
Ал журналистердің "Ереуілге шыққандардың барлығы бірдей жұмысқа шықпай қалса, не болады?" деген сұрағына: "Бұл заңды бұзу ғой. Демек, заң бойынша шара қолданылады", - деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетері, митингке шыққан жұмысшылардың барлығы "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" компаниясында жұмыс істейді. Ереуілдің салдарынан күн сайын қосымша 100 тонна мұнай өндірілмей жатыр.