Қазақстанда Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылады

© Sputnik / Абзал КалиевМолодежь Казахстана
Молодежь Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Ұлттық құзыреттілік орталығы бизнес пен білім беру ұйымдары арасында диалог алаңы рөлін атқарады, сондай-ақ студенттерді халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына даярлау, сарапшылық қауымдастықты дамыту, жұмысшы мамандықтардың танымалдылығын арттыру жөніндегі бірыңғай жаттығу базасына айналады.

"Мемлекет басшысының келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы еліміз үшін техникалық және кәсіптік білім берудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Оның ішінде Ұлттық құзыреттілік орталығының ашылуы жұмысшы мамандықтарының тартымдылығы мен білім сапасын арттыру жөніндегі стратегияны жүзеге асырудағы негізгі қадам. Орталық ұлттық құраманың әлемдік WorldSkills чемпионаттарына дайындалатын базасына айналады, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруда басты аймақтық база болады", – деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Мұндай орталықтар Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей елдерінде табысты жүзеге асырылып, жоғары білікті кадрлар даярлауда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Әлемде WorldSkills қозғалысы - жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың басты құралы болып табылады. Халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық құрамасы еліміздің намысын 2014 жылдан бері қорғап келеді.
Алматы саябағы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2024
Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады
Жаңалықтар
0