ҚазМұнайГаз және MOL Group Қазақстандағы газ өндірісін арттырады

© Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз""КазМунайГаз" и MOL Group увеличат добычу в Казахстане
КазМунайГаз и MOL Group увеличат добычу в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2024
Жазылу
ҚазМұнайГаз бен венгриялық MOL Group басшылары Батыс Қазақстандағы Рожков кен орнында газ және газ конденсатын өндіруді ұлғайту туралы келісті
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Венгрияға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге барған "ҚазМұнайГаз" басшысы Асхат Хасенов Венгрияның MOL Group мұнай-газ концернінің басшысы Жолт Эрнадимен кездесті.
Мұнайшылар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарларын талқылап, Рожков кен орнындағы алдағы іс-шаралар туралы әңгімеледі.
"Биылғы жылдың 10 айында Рожков кен орнында 222 миллион текше метр газ және 166 мың тонна конденсат өндірілді. Компаниялар газ өндіруді жылына 700 миллион текше метрге, конденсатты 400 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жобаны қолға алуда", - деп жазылған ҚазМұнайГаз хабарламасында.
Инновациялық технологияларды зерделеу үшін "ҚазМұнайГаз" делегациясы MOL Group Chemicals компаниясының өндірістік нысандарын, атап айтқанда, Тисауйварош қаласындағы MOL Polyol Complex зауытын аралады.
Транспортировка нефти и газа в цистернах, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2024
Сұйытылған газды әкетуге тыйым салу мерзімі алты айға ұзартылды
Жаңалықтар
0