Сұйытылған газды әкетуге тыйым салу мерзімі алты айға ұзартылды

© Sputnik / Сергей Козлов / Медиабанкке өтуТранспортировка нефти и газа в цистернах, архивное фото
Транспортировка нефти и газа в цистернах, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2024
Жазылу
Ол 2024 жылдың 14 қарашасында күшіне енеді
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстан сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салу мерзімін ұзартты. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойған бұйрықта айтылған.
"Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын", - делінген құжатта.
Айта кетері кейбір жағдайда экспортқа тыйым салынбайды:
өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өнім өндірген, тұрақты салық режимін ұстанатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген) тауарларды әкетуге;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалға;
Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмектің аясында әкетілетін тауарды шығаруға рұқсат етіледі.
Тыйым 2024 жылдың 14 қарашасында күшіне енеді.
Жаңалықтар
0