Елімізде уақыттың адамға әсерін анықтайтын зерттеуге қанша ақша кетеді

© AFP 2024 / -Часы, будильник
Часы, будильник - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2024
Жазылу
Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі кезде үш жылдық бюджетке 160 млн теңгенің өтінімі түсті
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанда уақытты ауыстырғанан кейін оның адамға әсерін анықтауға арналған әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы мақсатқа бөлінетін қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде үш жылдық бюджетке 160 млн теңгенің өтінімі түсті. Бірақ зерттеуге кететін шығынның көлемі 90-100 миллионға дейін азаюы мүмкін. Жақын арада конкурс жарияланады. Ал ұлттық ғылыми кеңес сауалнамаға кететін қаржының нақты сомасын анықтайды.
"Адам циркадтық ритмдермен өмір сүреді, оны бәріміз жақсы білеміз. Ұйықтағанда мелатонин және тағы басқа гармондар бөлінеді. Зерттеу кезінде уақыттың ауысуы дәл осы мелатонинге қалай әсер етеді, циркадтық ритмдерге сәйкес келе ме, жоқ па, бұның барлығы зерделенеді", - деді Нұрбек журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, зерттеудің әдістемесін денсаулық сақтау министрлігі әзірледі. Бюджеттік өтінімді солар берген.
"Уақыттың бір сағатқа шегерілуі адам денсаулығына кері әсер етеді дейді. Осыған байланысты бірнеше институттың мамандары зерттеу жүргізеді. Соның нәтижесі халыққа жарияланады", - деп атап көрсетті Нұрбек.
Айта кетері, үкіметтің кешегі отырысында уақыт белдеуіне қатысты мәселе тағы қаралды. Премьер-министр де осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.
Будильник в момент перехода на зимнее время - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2024
Премьер-министр бұрынғы уақытты қайтаруға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0