Премьер-министр бұрынғы уақытты қайтаруға қатысты пікір білдірді

© AFP 2024 / JEFF PACHOUDБудильник в момент перехода на зимнее время
Будильник в момент перехода на зимнее время - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2024
Жазылу
Бектенов Сауда және интеграция министрлігіне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов бұрынғы уақытты қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында сауда министрі уақыт не үшін ауыстырылғанын айтып, бұл шешімнің тиімділігін жан-жақты түсіндірді. Премьер-министр оның дәлелдерімен толығымен келісетінін жеткізді.
"Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі бесінші уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан ғылыми тұрғыда бұл дұрыс шешім", - деді Бектенов.
Осы орайда премьер Сауда және интеграция министрлігіне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, UTC+5 біз үшін жаңа уақыт белдеуі емес, оған ауысудың арқасында "тарихи тұрғыда дәлелденген уақыт" қайтарылды.
"Бұл белдеу 67,5-82,5 градус ұзақтығын алып отыр. Оған Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей мен Павлодар, яғни, ел халқының 76 проценті кіріп тұр. Бүгінде әлем бойынша 195 елдің ішінде 117 мемлекет географиялық тұрғыда барынша жақын уақыт белдеуіне ауысқан. Себебі адамның циркадты ритмдері күннің табиғи циклдерімен үйлескен", - деді Шаққалиев.
Министр бұған дейін петицияның да қаралғанын еске салды.
"Петицияны қарастырудың нәтижесінде стандартты сағат белдеуіне максималды бейімделу жағдайларын жасауға бағытталған үәкілетті тиісті мемлекеттік органдарға айқын ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Осылайша, сағат белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды болып саналады",-деп түйіндеді министр.
Заседание мажилиса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2024
Уақытты қайтару петициясы: жұмыс тобы өз шешімін шығарды
Жаңалықтар
0