Қытайдан LRT үшін жеңіл рельсті пойыздар сатып алынады

CC0 / tsukasa0825 / Легкорельсовый транспорт LRT, иллюстративное фото
Легкорельсовый транспорт LRT, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қытайдан LRT үшін жеңіл рельсті пойыздар сатып алынады, деп хабарлады ҚазАқпарат Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Елорда билігі LRT жылжымалы құрамын дайындау жұмыстарының қалай жүріп жатқанын түсіндірді.
“Келісімшарт талаптарына сәйкес 19 жылжымалы құрам сатып алынады. Шығарушы ел: Қытай. Қазіргі уақытта жылжымалы құрамға тапсырыс беру жұмыстары жүргізілуде”, - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Бұл ретте құрылыстың қай кезеңде тұрғанын да айтып берді.
“Станциялардың эстакада бөлігінің құрылысында темірбетон жұмыстары аяқталды, сонымен қатар Есіл өзені арқылы көпір салынды. Атқарылған бетон құю жұмыстарының жалпы көлемі шамамен 450 мың шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, ұңғы қадаларды орнату, тіректерді, құрастырмалы арқалықтарды орнату және монолитті арқалықтарды құю жұмыстары толығымен аяқталды”, - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Бұған дейін әкімдік LRT депосының құрылысы басталғанын хабарлаған болатын. Ол халықаралық әуежайдың жанында орналасады және LRT жүйесіне техникалық қызмет көрсету және басқару орталығына айналады.
Пойыз операторларын жеңіл рельсті көлікте жұмыс істеуге үйрету үшін де алдын ала іріктеу жарияланды.
В Астане в рамках реализации проекта линии LRT проводятся работы по устройству монолитной железобетонной балки вдоль улицы Сыганак - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2024
Астанада LRT депосының құрылысы басталды
Жаңалықтар
0