https://sputnik.kz/20241114/astanada-lrt-deposynyn-qurylysy-bastaldy-48527864.html
Астанада LRT депосының құрылысы басталды
Астанада LRT депосының құрылысы басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Астанада LRT депосының құрылысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation System компаниясына сілтеме жасап. 14.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-14T14:00+0500
2024-11-14T14:00+0500
2024-11-14T14:00+0500
астана lrt
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38022739_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_1d821cf6246637ac56cb2cd4fa34ef56.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Астанада LRT депосының құрылысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation System компаниясына сілтеме жасап.Мәліметке сүйенсек, ол халықаралық әуежай маңайындағы 16,84 га аумақта орналасады. Депо LRT жүйесіне техникалық қызмет көрсету және басқару орталығына айналады.Депо аумағында пилотсыз пойыздарды басқару орталығы да құрылады. Автоматтандырылған басқару жүйесі қауіпсіздік пен тиімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ іске қосу, тежеу және станцияларда тоқтау сияқты процестерді автоматтандырып, адами фактордың әсерін барынша азайтады.Эстакада бойынша негізгі құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты, қысқы кезеңде құрылыс технологиясына сәйкес, LRT жобасының жұмыстары депо құрылысына шоғырланады.
https://sputnik.kz/20221212/lrt-qurylysy-eki-ush-zhylda-ayaqtalady--qasymbek-30272997.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38022739_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_1a682e6339f3b1572d13833f2e3451e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана lrt
Астанада LRT депосының құрылысы басталды
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Астанада LRT депосының құрылысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation System компаниясына сілтеме жасап.
Мәліметке сүйенсек, ол халықаралық әуежай маңайындағы 16,84 га аумақта орналасады. Депо LRT жүйесіне техникалық қызмет көрсету және басқару орталығына айналады.
"Депо ғимараттарының жалпы ауданы шамамен 80 мың м² құрайды. Онда жылжымалы құрамға толыққанды техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қажетті барлық нысандар орналастырылады. Кешен вагондарды жуу ғимаратынан, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар қоймаларынан, жолдарды жөндеуге арналған арнайы техника, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыруға арналған әкімшілік ғимараттардан тұрады", - делінген хабарламада.
Депо аумағында пилотсыз пойыздарды басқару орталығы да құрылады. Автоматтандырылған басқару жүйесі қауіпсіздік пен тиімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ іске қосу, тежеу және станцияларда тоқтау сияқты процестерді автоматтандырып, адами фактордың әсерін барынша азайтады.
Эстакада бойынша негізгі құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты, қысқы кезеңде құрылыс технологиясына сәйкес, LRT жобасының жұмыстары депо құрылысына шоғырланады.