Қазақстанға көлік кіргізу тәртібі өзгереді

© PhotoГлава Минцифры ознакомился с работой спецЦОНа и сделал тест-драйв по новым правилам вождения
Глава Минцифры ознакомился с работой спецЦОНа и сделал тест-драйв по новым правилам вождения - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап заңды тұлғалар үшін көлік әкелуге қатысты жаңа талап күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, көлік құралының типін мақұлдау туралы құжат тиісті талаптарға сәйкестігін растайды.
"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсініктемесі бойынша шығарылған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен және көлік құралының типін мақұлдау құжаты негізінде әкелінетін көлік құралдарын сол құжатта көрсетілген тұлғалар ғана әкелуге құқылы", - дейді комитет мамандары.
Көлік құралының типін мақұлдау құжатында көрсетілген адам ғана әкелінген көлікті пайдалана алады. Бұл талап 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізіледі.
Колесо автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2024
Утилизациялық алымды жою ескі көліктердің көбеюіне әкеліп соғады - Скляр
Жаңалықтар
0