https://sputnik.kz/20240604/utilizatsiyalyq-alymdy-zhoyu-eski-kolikterdin-kobeyuine-akelip-sogady---sklyar-44750865.html
Утилизациялық алымды жою ескі көліктердің көбеюіне әкеліп соғады - Скляр
Утилизациялық алымды жою ескі көліктердің көбеюіне әкеліп соғады - Скляр
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, өткен жылы отандық автоөндірушілер 142 мың автомобиль шығарды 04.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-04T14:52+0500
2024-06-04T14:52+0500
2024-06-04T14:52+0500
көлік
өндіріс
https://sputnik.kz/img/336/51/3365183_4:0:1920:1078_1920x0_80_0_0_ee7fe57eea674bdcdec8459d46ac56a5.jpg
АЛМАТЫ, 4 маусым - Sputnik. Утилизациялық алымды жою ескі көліктердің көбеюіне және экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғады. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтты.Оның айтуынша, Қазақстанда 20 млн тұрғынға шаққанда 5 млн-нан астам автомобиль бар. Барлық кедергілерді, соның ішінде 3 жылдан асқан автомобильдерге тіркеу алымын алып тастау ескі машиналардың елімізге көптеп жеткізілуіне, экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соғады. Оның айтуынша, өткен жылы отандық автоөндірушілер 142 мың автомобиль шығарды. Осы жаңа көліктерді сатып алғандар утилизациялық алым төлеген жоқ.
https://sputnik.kz/20220901/toqaev-util-alymy-zhayly-27183457.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/336/51/3365183_352:0:1789:1078_1920x0_80_0_0_01320b4d6d80e394af294e24317064ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, өндіріс
Утилизациялық алымды жою ескі көліктердің көбеюіне әкеліп соғады - Скляр
Оның айтуынша, өткен жылы отандық автоөндірушілер 142 мың автомобиль шығарды
АЛМАТЫ, 4 маусым - Sputnik. Утилизациялық алымды жою ескі көліктердің көбеюіне және экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғады. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр
Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанда 20 млн тұрғынға шаққанда 5 млн-нан астам автомобиль бар. Барлық кедергілерді, соның ішінде 3 жылдан асқан автомобильдерге тіркеу алымын алып тастау ескі машиналардың елімізге көптеп жеткізілуіне, экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соғады.
"Адамдардан “Сіз осындай ескі көліктерден бөлінетін зиянды газбен демалғыңыз келе ме?” деп сұрау керек. Барлық пікір ескерілуі қажет. Сондай-ақ біздің зауыттарға барып, онда жұмыс істейтін адамдармен сөйлесуге кеңес берер едім. Кәсіпорындарда локализация өте жоғары, оның ішінде бұл ауылшаруашылық техникасына қатысты: барлық қондырмалар, тіркеме жабдықтары, кабиналар дәнекерлеу, бояу, кесу, иілдіру бойынша техникалық операциялар жүзеге асырылады. Біздің басты міндетіміз — локализацияны арттыруға ұмтылу. Үкіметтің қазіргі алға қойған мақсаты – елімізге мүмкіндігінше көп пайда әкелу үшін ілеспе өндірістерді құру.", — деп атап өтті Роман Скляр.
Оның айтуынша, өткен жылы отандық автоөндірушілер 142 мың автомобиль шығарды. Осы жаңа көліктерді сатып алғандар утилизациялық алым төлеген жоқ.