Қоғам

Тоқаев утиль алымы жайлы: 250 мың теңгеден аспауы керек

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуРоссийские автономера
Российские автономера  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
Президент автокөліктерді елге заңсыз кіргізудің жолын кесу үшін түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Утилизация мен көлікті бастапқы тіркеу үшін бір реттік бірыңғай алым 250 мың теңгеден аспауы шарт.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауында осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент автокөліктерді елге заңсыз кіргізудің жолын кесу үшін түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. Айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген осындай көліктердің мәселесін реттеу қажет.
"Оларды заңдастыру үшін бір реттік тәртіпте утилизация мен бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын бірыңғай алым қолдануды ұсынамын. Бұл шара іздеу жарияланбаған және кедендік тексерістен өткен автокөліктерге қатысты қолданылуы керек", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Жаңалықтар
0