Қаржы пирамидасының басшысына халықаралық іздеу жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, финансы, Финансовая пирамида
Монеты, финансы, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында "Sax Invest" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғалар тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
"Sax Invest" компаниясы өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздарды, қаржы құралдарын және басқа да активтерді ұстаушы, сондай-ақ Африкадағы алмаз өндіру жөніндегі жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде жарнамалаған. Ал шын мәнінде тіркеуден өтпеген және қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізімінде жоқ.
Қаржы пирамидасына тән белгілері де анық көрінді. Олар:
жылдық 24-36%-ға дейін жоғары кіріс болады деген агрессивті және жаппай жарнама;
ұйымның қаржылық жағдайы, меншікті негізгі құралдары, басқа активтері туралы қандай да бір ақпараттың болмауы.
2018-2022 жылдар аралығында 1000-нан астам адам жарнамаға сеніп, қажы пирамидасына 1 млрд теңге аударған.
Қазіргі кезде облыс прокуратурасының үйлестіруімен пирамиданың құрылымдық бөлімшесін басқарған күдікті ұсталып, уақытшы тергеу изоляторына қамалды.
"Филиалдары республика бойынша жұмыс жасаған "Sax Invest" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы С.Меңдіғалиевке халықаралық іздеу жарияланды", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін "Sax Invest" компаниясының Астанадағы директоры ұсталған болатын.
Айта кетері, бүгінде кез келген компанияны қаржы пирамидасының белгілеріне тексеруге мүмкіндік беретін Телеграм бот (https://t.me/BAIQApiramidaBOT) бар. Сонымен қатар, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ұсталған барлық жалған жобалардың тізімі агенттіктің сайтында жарияланған.
Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Атырауда тұрғындарды 49 млн теңгеге алдап кеткен қаржы пирамидасы анықталды
Жаңалықтар
0