Атырауда тұрғындарды 49 млн теңгеге алдап кеткен қаржы пирамидасы анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, Финансовая пирамида
Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Атырау қаласында "QazHome" қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша тексеріс басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде қаржы пирамидасын құрған тұлғалар әшкереленді. Олар "QazHome" тұтынушылар кооперативі арқылы жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартып алып, қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен табыс тапқан.
Кооперативке 296 салымшы тартылған. Олардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды. Осы арыздар бойынша залалдың сомасы 49 млн теңгеден асып отыр.
Қазіргі кезде қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2023
Өңірлер
Адамдарды WhatsApp арқылы тартқан: тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Жаңалықтар
0