https://sputnik.kz/20241118/aqtau-2025-zhyly-turki-aleminin-madeni-astanasy-bolady-48620007.html
Ақтау 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болады
Ақтау 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Ашхабадта Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы өтті. 18.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-18T18:06+0500
2024-11-18T18:06+0500
2024-11-18T18:06+0500
мәдени мұра
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14537424_0:789:2048:1941_1920x0_80_0_0_412d8f1ee7eb24406825d7ad571e437f.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Ашхабадта Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы өтті.Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркияның мәдениет саласының өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Кездесу барысында түркі мәдениетін дамыту және түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бойынша бірлескен күш-жігерді жандандыру туралы шешімдер қабылдады.2025 жылы Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына арналған іс-шаралардың жоспарлары, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын насихаттау және тұрақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі мүше мемлекеттерден түскен барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды қарастырып, 2025 жылға арналған ТҮРКСОЙ қызметінің бағдарламасын бекітті. Қабылданған шешімдер Түркі әлемі халықтарының ортақ тарихын тереңірек түсінуге, сондай-ақ мәдени және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі ТҮРКСОЙ министрлерінің 42-отырысын үйлестіруші болып тағайындалды. Келесі отырыс Қазақстанда өтеді.
https://sputnik.kz/20241014/tauly-altay--turkilerdin-ata-qonysy-turki-orkenietin-zertteudegi-zhana-beles-47836929.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14537424_0:597:2048:2133_1920x0_80_0_0_1f484e8b35be0d096a86d2fe164153ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәдени мұра, ақтау
Ақтау 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болады
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Ашхабадта Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы өтті.
Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркияның мәдениет саласының өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Кездесу барысында түркі мәдениетін дамыту және түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бойынша бірлескен күш-жігерді жандандыру туралы шешімдер қабылдады.
2025 жылы Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына арналған іс-шаралардың жоспарлары, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын насихаттау және тұрақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі мүше мемлекеттерден түскен барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды қарастырып, 2025 жылға арналған ТҮРКСОЙ қызметінің бағдарламасын бекітті. Қабылданған шешімдер Түркі әлемі халықтарының ортақ тарихын тереңірек түсінуге, сондай-ақ мәдени және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі ТҮРКСОЙ министрлерінің 42-отырысын үйлестіруші болып тағайындалды. Келесі отырыс Қазақстанда өтеді.