Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 18 мектеп салынды

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской областиЕдиный концепт разработали для школ Павлодарской области
Единый концепт разработали для школ Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2024
Жазылу
Оқу жылының басынан бері елімізде тағы 106 жаңа мектеп ашылды
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Оқу жылының екі жарым айында өңірлерде 150 мың орындық 106 жаңа мектеп ашылды, деп хабарлады Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстанда ұлттық жоба аясында салынған 33 "жайлы" мектепте 90 мыңға жуық оқушы білім алуда. Арнайы сәулеттік жоба бойынша бой көтерген ғимараттардың ішінде бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке блоктар, заманауи техникалық қауіпсіздік құралдары, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта, бірнеше спорт зал, заманауи пән кабинеттері және тағы басқа қолайлылықтар қарастырылған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланған.
Білім инфрақұрылымын қолдау қоры деректеріне сәйкес, жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға тағы 18 мектеп ашылды. Қалған 55 мектеп республикалық және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ инвестиция тарту есебінен қаржыландырылады.
Открытие школьного учебного заведения в Астане  в рамках национального проекта Комфортная школа - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2024
Астанада жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады
Жаңалықтар
0