Астанада жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады

© Пресс-служба правительства КазахстанаОткрытие школьного учебного заведения в Астане в рамках национального проекта "Комфортная школа"
Открытие школьного учебного заведения в Астане  в рамках национального проекта Комфортная школа - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2024
Жазылу
Есіл ауданында 4 мектеп, Нұра ауданында 3 мектеп, Алматы ауданында 2 мектеп орналасады
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Жыл соңына дейін елордада тағы 9 жаңа мектеп ашылады. Бқл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында мәлім етті.
"Осы жылдың соңына дейін тағы 9 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың сегізі – мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған мектептер, тағы біреуі – жеке мектеп. Аталған тоғыз мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді", - деп жазды елорда әкімі.
Есіл ауданында 4 мектеп, Нұра ауданында 3 мектеп, Алматы ауданында 2 мектеп орналасады.
Әкім қаланы аралау барысында бірқатар оқу орнының құрылысымен танысты. Бұл мектептердің арқасында 3 ауысымды 4 мектептің және тығыздығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешіледі.
"Оқу жылының басында біз 15 жаңа мектеп аштық. Жаңа мектептердің арқасында 3 ауысымда оқыту жүргізілген 5 мектептің және тығыздығы жоғары 4 мектептің қиындығы шешілді", - дейді Қасымбек.
Әкімдік 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
0