Жаркентте әскери бөлімнің офицері көз жұмды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхивное фото военнослужащего с ремнем
Архивное фото военнослужащего с ремнем - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2024
Жазылу
Диверсияға қарсы жоспардан тыс сабақтар кезінде қауіпсіздік шаралары бұзылған
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Жетісу облысында Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлады ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.
Трагедияға диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу себеп болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.
Майор Батыр Уразымбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2024
Тікұшақ апатынан қаза тапқан офицердің аты-жөні белгілі болды
Жаңалықтар
0