https://sputnik.kz/20241109/tikushaq-apatynan-qaza-tapqan-ofitserdin-aty-zhoni-belgili-boldy-48412571.html
Тікұшақ апатынан қаза тапқан офицердің аты-жөні белгілі болды
Тікұшақ апатынан қаза тапқан офицердің аты-жөні белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Офицердің Ми-8 тікұшағын пайдалануда тәжірибесі мол, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады 09.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-09T17:34+0500
2024-11-09T17:34+0500
2024-11-09T17:35+0500
ұшақ апаты
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/09/48411915_0:183:906:693_1920x0_80_0_0_1e59802b5f4332299e9076005b7a5078.jpg
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қорғаныс министрлігі Ақтөбедегі тікұшақ апатынан қаза тапқан офицердің аты-жөнін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Офицер Әуе қорғанысы күштері әскери институтын 2009 жылы "ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар" мамандығы бойынша бітірген.Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымдардан өткен. Ми-8 тікұшағын пайдалануда үлкен тәжірибесі бар, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады. Қызмет барысында жоғары кәсібилік пен адалдық танытқан. Биылғы жылдың көктемінде болған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан. Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталған. Үйленген, артында екі баласы қалды.Апатты жағдайдағы қону кезінде зардап шеккен әскери институт авиациялық эскадрильясының командирі майор Бибарыс Ибраев пен оқу-жаттығу авиациялық орталығының аға ұшқыш-нұсқаушысы аға лейтенант Рүстем Нығметов қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты-ауыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.Қаза тапқан офицер мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына жан-жақты қолдау көрсетілу үстінде.Еске салсақ, бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кетті.Бортта үш адам болған. Оның біреуі оқиға орнында көз жұмды.Тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20241109/tikushaq-apatynan-zardap-shekkenderdin-zhagdayy-belgili-boldy-48410105.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/09/48411915_0:110:906:790_1920x0_80_0_0_016336f43ce71cc68d86fe9567ab2737.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ апаты
Тікұшақ апатынан қаза тапқан офицердің аты-жөні белгілі болды
17:34 09.11.2024 (жаңартылды: 17:35 09.11.2024) Офицердің Ми-8 тікұшағын пайдалануда тәжірибесі мол, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қорғаныс министрлігі Ақтөбедегі тікұшақ апатынан қаза тапқан офицердің аты-жөнін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ақтөбе облысындағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған авиациялық апат салдарынан 1988 жылы туған Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор БатырОразымбетов қайғылы жағдайда қаза тапты", делінген хабарламада.
Офицер Әуе қорғанысы күштері әскери институтын 2009 жылы "ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар" мамандығы бойынша бітірген.
Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымдардан өткен. Ми-8 тікұшағын пайдалануда үлкен тәжірибесі бар, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады. Қызмет барысында жоғары кәсібилік пен адалдық танытқан. Биылғы жылдың көктемінде болған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан. Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталған. Үйленген, артында екі баласы қалды.
Апатты жағдайдағы қону кезінде зардап шеккен әскери институт авиациялық эскадрильясының командирі майор Бибарыс Ибраев пен оқу-жаттығу авиациялық орталығының аға ұшқыш-нұсқаушысы аға лейтенант Рүстем Нығметов қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты-ауыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Қаза тапқан офицер мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына жан-жақты қолдау көрсетілу үстінде.
Еске салсақ, бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кетті.
Бортта үш адам болған. Оның біреуі оқиға орнында көз жұмды.
Тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.