https://sputnik.kz/20241114/tramp-zhaqyn-arada-reseyge-baruy-mumkin--sarapshy-48526332.html
Трамп жақын арада Ресейге баруы мүмкін – сарапшы
Трамп жақын арада Ресейге баруы мүмкін – сарапшы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп жақын арада Ресей мен Украинаға барып, тараптармен атысты тоқтату... 14.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-14T12:47+0500
2024-11-14T12:47+0500
2024-11-14T12:47+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
дональд трамп
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/06/48322060_0:0:768:432_1920x0_80_0_0_f03d0a6481d0de125d1fc3d8e18c0a2d.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп жақын арада Ресей мен Украинаға барып, тараптармен атысты тоқтату туралы келісімге келуді талқылауы мүмкін, дейді түрік сарапшысы Энгин Өзер. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы қақтығысты бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясы бұл қарапайым жолмен оңай шешіле салатын мәселе емес деп санайды. Трамп АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа деген көзқарасын бірнеше рет сынап, Зеленскийді де сынға алды. Ол Зеленскийдің әрбір сапары миллиардтаған долларлық көмекпен аяқталатынын айтты.Оның айтуынша, Трамптың ұсынысы қарапайым: қақтығысты тоқтату."Ұсыныс атысты мерзімсіз тоқтатуды жариялауды және қазіргі майдан аумағын "физикалық шекараға" айналдыруды қамтиды. Барлық осы техникалық мән-жайды қоса алғанда, Украинадан НАТО-ға мүше болу туралы өтінішін уақытша тоқтату сұралады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл бітімгершілік келісім емес, атысты мерзімсіз тоқтату", - деді ол.Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан кейін Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп атады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путин бұрын мәлімдеген ұсыныстары күшін жоймағанын, бірақ қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.
https://sputnik.kz/20241112/germaniya-qorganys-ministri-tramp-putinmen-mamile-zhasauy-mumkin-ekenin-aytty-48454704.html
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/06/48322060_98:0:674:432_1920x0_80_0_0_22e88d28285080485dcddad7c2db9c1d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дональд трамп, украина, ресей
дональд трамп, украина, ресей
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп жақын арада Ресей мен Украинаға барып, тараптармен атысты тоқтату туралы келісімге келуді талқылауы мүмкін, дейді түрік сарапшысы Энгин Өзер. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы қақтығысты бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясы бұл қарапайым жолмен оңай шешіле салатын мәселе емес деп санайды. Трамп АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа деген көзқарасын бірнеше рет сынап, Зеленскийді де сынға алды. Ол Зеленскийдің әрбір сапары миллиардтаған долларлық көмекпен аяқталатынын айтты.
"Трамптың жоспары жүзеге асуы үшін оған қызметке кірісудің қажеті жоқ, тек тараптарды сендіру керек. Трамп жақын арада Киев пен Мәскеуге барып, атысты тоқтатудың техникалық мән-жайын талқылауы мүмкін. Бейбітшілік келісіміне бәрібір қол қойылмайтындықтан, үлкен шара ретінде атысты тоқтатуға қол қою рәсімін ұйымдастырудың қажеті болмауы мүмкін", - деді сарапшы.
Оның айтуынша, Трамптың ұсынысы қарапайым: қақтығысты тоқтату.
"Ұсыныс атысты мерзімсіз тоқтатуды жариялауды және қазіргі майдан аумағын "физикалық шекараға" айналдыруды қамтиды. Барлық осы техникалық мән-жайды қоса алғанда, Украинадан НАТО-ға мүше болу туралы өтінішін уақытша тоқтату сұралады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл бітімгершілік келісім емес, атысты мерзімсіз тоқтату", - деді ол.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.
Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан кейін Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп атады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путин бұрын мәлімдеген ұсыныстары күшін жоймағанын, бірақ қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.