https://sputnik.kz/20241112/germaniya-qorganys-ministri-tramp-putinmen-mamile-zhasauy-mumkin-ekenin-aytty-48454704.html
Германия қорғаныс министрі Трамп Путинмен мәміле жасауы мүмкін екенін айтты
Германия қорғаныс министрі Трамп Путинмен мәміле жасауы мүмкін екенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Германия қорғаныс министрі Борис Писториус АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ресей президенті Владимир... 12.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-12T10:14+0500
2024-11-12T10:14+0500
2024-11-12T10:14+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/98/54/985475_0:66:3186:1858_1920x0_80_0_0_fb47eebfbc7a232718e17a1250269050.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Германия қорғаныс министрі Борис Писториус АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Украина мәселесі бойынша мәмілеге келуі мүмкін деп санайды, деп жазды немістің Süddeutsche Zeitung газеті.Басылымның хабарлауынша, Писториус Трамптың Украинаға қатысты келіссөзінің жылдам нәтижесі болуы мүмкін деп санайды, "бірақ бұл Еуропа үшін де, Украина үшін де тиімсіз болмақ".Бұған дейін Түркияның Habertürk телеарнасы Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер 2025 жылдың қаңтарына дейін Ыстамбұлда басталуы мүмкін екенін хабарлады.АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы қақтығысты бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген.Ресей Федерациясы бұл қарапайым шешіле салмайтын тым күрделі мәселе деп санайды. Трамп АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа деген көзқарасын бірнеше рет сынап, Зеленскийді де сынға алды. Ол Зеленскийдің әрбір сапары миллиардтаған долларлық көмекпен аяқталатынын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/98/54/985475_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_e5d416b7707c495c42f1e34f4cf808fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Германия қорғаныс министрі Трамп Путинмен мәміле жасауы мүмкін екенін айтты
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Германия қорғаныс министрі Борис Писториус АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Украина мәселесі бойынша мәмілеге келуі мүмкін деп санайды, деп жазды немістің
Süddeutsche Zeitung газеті.
Басылымның хабарлауынша, Писториус Трамптың Украинаға қатысты келіссөзінің жылдам нәтижесі болуы мүмкін деп санайды, "бірақ бұл Еуропа үшін де, Украина үшін де тиімсіз болмақ".
"Иә, мұндай қауіп бар және ол жүзеге аспайды деп үміттенемін", - деді Писториус Süddeutsche Zeitung газеті ұйымдастырған іс-шарада.
Бұған дейін Түркияның Habertürk телеарнасы Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер 2025 жылдың қаңтарына дейін Ыстамбұлда басталуы мүмкін екенін хабарлады.
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы қақтығысты бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген.
Ресей Федерациясы бұл қарапайым шешіле салмайтын тым күрделі мәселе деп санайды. Трамп АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа деген көзқарасын бірнеше рет сынап, Зеленскийді де сынға алды. Ол Зеленскийдің әрбір сапары миллиардтаған долларлық көмекпен аяқталатынын айтты.