Қайырымдылыққа ақша жинауға тыйым салына ма – министр жауап берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАида Балаева
Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2024
Жазылу
Қазақстанда қайырымдылық саласын жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қайырымдылыққа ақша жинау тәртібіне өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде жеке тұлғаларға қайырымдылыққа немесе көмекке ақша жинауға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады. Мәдениет министі Аида Балаева бұл мәселенің талқыланып жатқанын растады. Арнайы жұмыс тобы да құрылды.
"Рас, бұл мәселе қаралып жатыр. Қазіргі кезде жұмыс тобы құрылды, бірақ нақты шешімдер әлі жоқ. Себебі біз ұсыныстарды жинап, сарапшылардың пікірін зерделеп жатырмыз. Бұндай бастамалар жайдан-жай қолға алынбайды. Оны да түсіну керек. Өйткені алаяқтық фактілер де бар. Сондықтан біз қайырымдылық жүйесін жетілдіру мәселесін қарастыруға кірістік", - деді Балаева мәжілісте өткен брифингте.
Оның айтуынша, жұмыс тобы өз ұсыныстарын әзірлегеннен кейін заңнамаға өзгеріс енгізіледі.
"Бұның барлығы азаматтарымыздың мүддесі үшін жасалып жатыр. Көмекті шынымен де мұқтаж адамдар алуы қажет", - деп атап көрсетті министр.
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
Алаяқтар енді қайырымдылық қоры атынан хабарласа бастады
Жаңалықтар
0