Алаяқтар енді қайырымдылық қоры атынан хабарласа бастады

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желілерде тараған тағы бір хабарламада алаяқтар Қазақстанның ресми қайырымдылық қоры (РҚҚ) атынан хабарласып, әлеуметтік төлемдер төлеуге уәде берген.
stopfake_kz хабарлауынша, алаяқтар барлық тұрғынның ірі ақшалай өтемақы алуға мүмкіндігі бар екенін жазған.
"Бұл жарнамаға сенбеңіздер және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер. Ел аумағында жұмыс істейтін қорлардың тізімі Egov.kz электрондық үкімет порталында жарияланған. Оған сәйкес, Қазақстанда "Ресми қайырымдылық қоры" (РҚҚ) деген атаумен тіркелген ұйым жоқ", - делінген портал таратқан ақпаратта.
Хабарландыруда көрсетілген сайтқа кіргенде "Яндекс" іздеу жүйесінде "Сайт қауіпті болуы мүмкін" деген ескерту шығады. Іздеу жүйесінің мәліметі бойынша, "бұл сайт келушілердің құпия деректерін (парольдер, банк карталарының нөмірлері және т.б.) білу үшін танымал қызмет немесе танымал ұйымның сайты ретінде ашылады.
"Егер пайдаланушы ескертуді елемей, сілтемеге өтсе, жаңа терезе шығады. Онда оған төленетін сома көрсетіледі және заңгермен байланысу туралы ұсыныс жасалады. Сіз осы сайтта жазған ақпарат банктік шотыңыздан ақша алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Оңай ақша табамын деп бейтаныс адамдарға құпия ақпаратты хабарламаңыздар", - деп ескертілген хабарламада.
Жаңалықтар
0