https://sputnik.kz/20241111/qazaqstanda-qay-sala-qyzmetkerleri-en-zhogary-zhalaqy-alady-48446259.html
Қазақстанда қай сала қызметкерлері ең жоғары жалақы алады
Қазақстанда қай сала қызметкерлері ең жоғары жалақы алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жұмысшылардың саны мен жалақысы туралы ақпарат бар кестені жариялады. 11.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-11T20:54+0500
2024-11-11T20:54+0500
2024-11-11T20:54+0500
жалақы
орташа жалақы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жұмысшылардың саны мен жалақысы туралы ақпарат бар кестені жариялады.Бюроның мәліметінше, осы жылдың үшінші тоқсанында ең көп жалақыны тау-кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібі (854 142 теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (831 462 теңге), ақпарат және байланыс (673 345 теңге) салаларының қызметкерлері алған.Жарты миллионнан астам теңгені кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметпен (593 349 теңге), өнеркәсіпте (560 826 теңге), сондай-ақ көлік және қойма шаруашылығымен (531 960 теңге) айналысатын жұмысшылар алды.Дегенмен, өнеркәсіп саласында алты нөлі бар жалақы да тіркелген. Мәселен, шикі мұнай мен табиғи газ өндіруде (1 438 265 теңге), сондай-ақ темекі өнімдерін өндіруде (1 332 635 теңге) жұмыс істейтін қазақстандықтар осындай көлемде жалақы алған.Облыстар мен қалалар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау (630 894 теңге) және Маңғыстау (570 233 теңге) облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында (515 543 теңге) тіркелді. Астана тұрғындары орташа есеппен 504 212 теңге табыс тапса, Алматыда бұл көрсеткіш 471 264 теңгені, Шымкентте 309 733 теңгені құрады."2023 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақы 11,3 пайызға өсті. Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде тіркелді – орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары, тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 2 есе, ақпарат және байланыс саласында – 1,6 есе, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте – 1,4 есе", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
https://sputnik.kz/20241014/qazaqstanda-zhalaqy-molsheri-qanday-47824492.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_176:0:1076:675_1920x0_80_0_0_24cd55ba7bdec120777bf0198d16695f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, орташа жалақы
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жұмысшылардың саны мен жалақысы туралы ақпарат бар кестені жариялады.
Бюроның мәліметінше, осы жылдың үшінші тоқсанында ең көп жалақыны тау-кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібі (854 142 теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (831 462 теңге), ақпарат және байланыс (673 345 теңге) салаларының қызметкерлері алған.
Жарты миллионнан астам теңгені кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметпен (593 349 теңге), өнеркәсіпте (560 826 теңге), сондай-ақ көлік және қойма шаруашылығымен (531 960 теңге) айналысатын жұмысшылар алды.
Дегенмен, өнеркәсіп саласында алты нөлі бар жалақы да тіркелген. Мәселен, шикі мұнай мен табиғи газ өндіруде (1 438 265 теңге), сондай-ақ темекі өнімдерін өндіруде (1 332 635 теңге) жұмыс істейтін қазақстандықтар осындай көлемде жалақы алған.
Облыстар мен қалалар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау (630 894 теңге) және Маңғыстау (570 233 теңге) облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында (515 543 теңге) тіркелді. Астана тұрғындары орташа есеппен 504 212 теңге табыс тапса, Алматыда бұл көрсеткіш 471 264 теңгені, Шымкентте 309 733 теңгені құрады.
"2023 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақы 11,3 пайызға өсті. Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде тіркелді – орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары, тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 2 есе, ақпарат және байланыс саласында – 1,6 есе, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте – 1,4 есе", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.