Инфографика

Қазақстанда жалақы мөлшері қандай

Жазылу
Ұлттық статистика бюросы сан алуан кәсіпорында жұмыс істейтін 3,5 мың адамның жалақысын зерделеген
Оған сәйкес, жұмыскерлердің 35,1 проценті 150-300 мың теңге алады. Олардың ішінде техника мамандары, сауда мен қызмет саласы, ауыл, балық пен орман шаруашылығының қызметкерлері бар. Ал біліктілігі жоқ жұмысшылардың көбісі (12%) 150 мың теңгеге күн көреді. Басшылардың жалақысы бір жылдың ішінде 11,4 процентке өскен. Бүгінде олар 600 мың теңгеге дейін айлық алады.
Жалақының көлемі білім деңгейіне де тығыз байланысты:
орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысы – 262 238 теңге;
жоғары білімі бар қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысы – 438 005 теңге;
жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардың орташа айлық еңбекақысы – 558 882 теңге.
Жаңалықтар
0