Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі ұлғайды

© Photo : Пресс-служба акимата АлматыВ Нур-Султане к газу подключили первые соцобъекты и дома
В Нур-Султане к газу подключили первые соцобъекты и дома  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2024
Жазылу
Газ өндіру деңгейі "Өзенмұнайгаз" және "Маңғыстаумұнайгаз" компанияларында артты
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. 2024 жылдың тоғыз айында ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 2,8%-ға ұлғайды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі.
"2024 жылдың тоғыз айында ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 2,8%-ға ұлғайып, 7 202 млн м³ жетті (2023 жылы 7 008 млн м³ өндірілді)", - деп жазылған хабарламада.
Көрсеткіштің өсуіне ресурстарды тиімді басқару және компанияның технологиялық процестерінің дамуы оң әсер етті.
Газ өндіру деңгейі "Өзенмұнайгаз" және "Маңғыстаумұнайгаз" компанияларында артты. Өсімге негізінен өткен жылдың соңында Рожков кен орнының игеріле бастауы, сонымен бірге Шығыс Өріктау кен орнында жаңа ұңғымалардың пайдалануға берілуі ықпал етті.
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2024
Қазақстанның батысына қосымша сұйытылған газ жөнелтілді
Жаңалықтар
0