Қазақстанның батысына қосымша сұйытылған газ жөнелтілді

© Sputnik / Тимур БатыршинГазозаправочная станция, архивное фото
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2024
Жазылу
Көлік жүргізушілері газ тапшылығына шағымданды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанның батысына сұйытылған газдың қосымша көлемі жөнелтілді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Атап айтқанда:
Ақтөбе облысына – Шымкент мұнай өңдеу зауытының ресурстарынан 900 тонна.
Батыс Қазақстан облысына – Теңізшевройл ресурстарынан 180 тонна.
Маңғыстау облысына Қазақ газ өңдеу зауытынан тәуліктік жүк жөнелту көлемі 100-150 тоннаға ұлғайды.
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарының аяқталғанын еске салды.
"Қараша айында Маңғыстау облысына сұйытылған газдың қажетті көлемін жеткізу қалпына келтіріледі. Облыс әкімдігі жағдайды қатаң бақылауда ұстап, газ құю бекеттеріндегі кезекті және сұйытылған мұнай газын облысқа тасымалдау барысын қадағалап отыр.
Бағаны тұрақтандыру шаралары қолға алынып, облыс орталығында көтерме баға литріне 59 теңге, ал облыстың шалғай аудандарында 64 теңге деңгейінде сақталып тұр", - деп хабарлады тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Бұған дейін Орал мен Ақтауда көлік жүргізушілері газ тапшылығына шағымданған болатын.
Газопровод - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2024
2030 жылға қарай сұйытылған газ тапшылығы болмайды – энергетика министрлігі
Жаңалықтар
0