Балалар мектептен қараңғыда қайтады: министр сабақты қысқартуға қатысты ойын айтты

© SputnikМальчик переходит дорогу
Мальчик переходит дорогу - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2024
Жазылу
Үш ауысымдық мектепте сабақ уақытын қысқартуға рұқсат беріледі, бірақ...
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сабақтан кеш шығатын балалардың сабағын қысқартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде екі ауысымда оқитын мектептерде сабақ уақытын қысқартуға болмайды. Білім басқармалары сабақты тек ыңғайлы уақытқа қоя алады. Ал үш ауысымдық мектепте сабақ уақытын қысқартуға рұқсат беріледі. Мәселен, Павлодарда жеті мектепте 40 минуттық сабақ өткізуге рұқсат беріледі. Бірақ артынан қысқартылған уақыт өтелуі шарт.
"Үш ауысымдық мектептерден бөлек, қатты қажеттілік болса, сабақты қысқартуға болады, бірақ қысқартылған сабақтың 5 минуты каникулда немесе жазғы уақытта өтелуі керек. Себебі қауіпсіздікпен қатар білім сапасы да сақталуы шарт. Естеріңізде болса, пандемия кезінде солай істедік. Бір жыл 40 минуттан оқыдық. Сол кезде бес минут "ұрланды". Бес минутта берілетін білім қайда кетті, оның бәрін қайтадан қалпына келтіру керек дегеннен кейін жаздық мектептерді ұйымдастырдық", - деді Бейсембаев мәжілісте өткен брифингте.
Осы орайда министр екінші ауысымнан кейін қараңғы тез түсетін аймақтарды да білетінін жеткізді.
"Мен барлық аймақтың басшыларымен хабарласып отырамын. Әсіресе, батысқа қарағанда бұл мәселе шығыста жиі көтеріледі. Оны мен де жақсы білемін. Ол жақтағы әріптестермен хабарласқанда жаппай шағымның жоқтығын айтты. Бірақ осы мәселені үнемі бақылауда ұстап отырмыз", - деп түйіндеді Бейсембаев.
Қарақат Әбден - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2024
Мәжіліс депутаты жұмыс күнін қысқартуды талап етті
Жаңалықтар
0