https://sputnik.kz/20241106/mazhilis-deputaty-zhumys-kunin-qysqartudy-talap-etti-48333431.html
Мәжіліс депутаты жұмыс күнін қысқартуды талап етті
Мәжіліс депутаты жұмыс күнін қысқартуды талап етті
Sputnik Қазақстан
Бұдан бөлек, депутат тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды және жұмыс орнында балалар бөлмелерін ашу қажет деп санайды 06.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-06T15:41+0500
2024-11-06T15:41+0500
2024-11-06T15:41+0500
әйелдер ұжымы
депутат
жұмыс кестесі
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33374688_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_d9bf2e4d0b3cfdeb8ed7c385e098bb8c.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден әйелдер үшін жұмыс күнін қысқартуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін мәжілістегі "Ауыл" фракциясы премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдап, басшылық қызметтегі әйелдердің санын арттыруды талап етті.Депутат Қарақат Әбденнің айтуынша, тәуелсіздік алғалы бері басшылық қызметте жүрген әйелдердің саны 15 проценттен аспады. Ал соңғы бірнеше жылдың ішінде 20,3 процентке көтерілді.Осыған байланысты депутат мемлекеттік және квазимемлекеттік қызмет жүйесінде әйелдер көшбасшылығы бойынша ұлттық бағдарламаны енгізуді ұсынды. Сондай-ақ әйелдер үшін жұмыс күнін қысқарту қажеттігін жеткізді."Скандинавия елдерінің тәжірибесі негізге ала отырып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мәселесін қарастыру қажет. Соның арқасында отбасы институтын күшейтуге мүмкіндік бар. Себебі жұмыс істейтін әйелдер балалардың тәрбиесіне көбірек уақыт бөледі", - деп атап өтті Әбден.Бұдан бөлек, депутат тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды және жұмыс орнында балалар бөлмелерін ашу қажет деп санайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33374688_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_df702df8e22624c59997576a13649627.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әйелдер ұжымы, депутат, жұмыс кестесі
әйелдер ұжымы, депутат, жұмыс кестесі
Мәжіліс депутаты жұмыс күнін қысқартуды талап етті
Бұдан бөлек, депутат тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды және жұмыс орнында балалар бөлмелерін ашу қажет деп санайды
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден әйелдер үшін жұмыс күнін қысқартуды талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілістегі "Ауыл" фракциясы премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдап, басшылық қызметтегі әйелдердің санын арттыруды талап етті.
Депутат Қарақат Әбденнің айтуынша, тәуелсіздік алғалы бері басшылық қызметте жүрген әйелдердің саны 15 проценттен аспады. Ал соңғы бірнеше жылдың ішінде 20,3 процентке көтерілді.
"Дегенмен облыстық әкімдіктерде басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі небәрі 10 процентті құрайды. Барлық облыстық басқармаға еркектер басшылық етеді. Ал әйелдер орынбасарлықтан аспай, барлық қара жұмысты істеп жүр", - дейді Әбден.
Осыған байланысты депутат мемлекеттік және квазимемлекеттік қызмет жүйесінде әйелдер көшбасшылығы бойынша ұлттық бағдарламаны енгізуді ұсынды. Сондай-ақ әйелдер үшін жұмыс күнін қысқарту қажеттігін жеткізді.
"Скандинавия елдерінің тәжірибесі негізге ала отырып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мәселесін қарастыру қажет. Соның арқасында отбасы институтын күшейтуге мүмкіндік бар. Себебі жұмыс істейтін әйелдер балалардың тәрбиесіне көбірек уақыт бөледі", - деп атап өтті Әбден.
Бұдан бөлек, депутат тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды және жұмыс орнында балалар бөлмелерін ашу қажет деп санайды.