https://sputnik.kz/20241105/almatyda-zher-silkindi-tzhd-dabyl-zhuyesi-nelikten-iske-qosylmaganyn-tusindirdi-48294411.html
Алматыда жер сілкінді: ТЖД дабыл жүйесі неліктен іске қосылмағанын түсіндірді
Алматыда жер сілкінді: ТЖД дабыл жүйесі неліктен іске қосылмағанын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 қазан - Sputnik. Жер сілкінісінен кейін Алматы қаласы мен Алматы облысында ғимарттар мен нысандарға зақым келген жоқ, деп хабарлайды төтенше... 05.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-05T11:48+0500
2024-11-05T11:48+0500
2024-11-05T11:49+0500
алматы
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/old/397/81/3978195_0:80:699:473_1920x0_80_0_0_c60a8131e0021afe3778fdd488852b64.jpg
АЛМАТЫ, 5 қазан - Sputnik. Жер сілкінісінен кейін Алматы қаласы мен Алматы облысында ғимарттар мен нысандарға зақым келген жоқ, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Сондай-ақ адам шығыны мен зардап шеккендер де жоқ.Ведомство мәліметінше, қала тұрғындарынан "112" желісіне 50-ге жуық қоңырау келіп түскен. Солардың басым бөлігі жер сілкінісі кезінде дабыл жүйесі неліктен іске қосылмағаны туралы сұрақ қойған.Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті дабыл жүйесі қандай жағдайда іске қосылатынын түсіндірді."Сиреналық және дауыс зорайтқыш құрылғылар мен Mass Alert жүйесі магнитудасы 5,5 балл және одан жоғары сейсмикалық датчиктерден сигнал түскен жағдайда автоматты режимде толық іске қосылады. Осыған байланысты ешқандай ескерту болған жоқ", - деп хабарлады ТЖД.Еске салсақ, бүгін сағат 10:00-де сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласы мен Алматы облысында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласы, Түрген, Өтеген батыр ауылдарында 3 балдық, Талғар, Есікте 4 балдық жер сілкінісі тіркелді.
https://sputnik.kz/20240305/almatyda-zher-silkinisi-turaly-khalyqty-zhedel-qulaqtandyru-zhuyesi-engiziledi-42676253.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/397/81/3978195_0:15:699:539_1920x0_80_0_0_c4daf8786242a42a4bbf3385ca714209.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жер сілкінісі
Алматыда жер сілкінді: ТЖД дабыл жүйесі неліктен іске қосылмағанын түсіндірді
11:48 05.11.2024 (жаңартылды: 11:49 05.11.2024) АЛМАТЫ, 5 қазан - Sputnik. Жер сілкінісінен кейін Алматы қаласы мен Алматы облысында ғимарттар мен нысандарға зақым келген жоқ, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Сондай-ақ адам шығыны мен зардап шеккендер де жоқ.
"Қазселденқорғау" мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Полиция да нысандарды аралап тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қала тұрғындарынан "112" желісіне 50-ге жуық қоңырау келіп түскен. Солардың басым бөлігі жер сілкінісі кезінде дабыл жүйесі неліктен іске қосылмағаны туралы сұрақ қойған.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті дабыл жүйесі қандай жағдайда іске қосылатынын түсіндірді.
"Сиреналық және дауыс зорайтқыш құрылғылар мен Mass Alert жүйесі магнитудасы 5,5 балл және одан жоғары сейсмикалық датчиктерден сигнал түскен жағдайда автоматты режимде толық іске қосылады. Осыған байланысты ешқандай ескерту болған жоқ", - деп хабарлады ТЖД.
Еске салсақ, бүгін сағат 10:00-де сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласы мен Алматы облысында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Алматы қаласы, Түрген, Өтеген батыр ауылдарында 3 балдық, Талғар, Есікте 4 балдық жер
сілкінісі тіркелді.