Алматыда тағы жер сілкінді

© Photo : Официальный канал акимата АлматыВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Алматы мен қалаға жақын бірқатар елді мекенде жер сілкінді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Сейсмикалық станциялар желісі 5 қарашада 10 сағат 30 секундта жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.

Алматы қаласы, Түрген, Өтеген батыр ауылдарында 3 балдық, Талғар, Есікте 4 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Сондай-ақ Боралдай, Маловодное, Қайыпов елді мекендері мен Алатау (Жетіген), Қарасай қалаларында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігін тағы бір мәрте еске салды:
Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында тұрыңыз;
Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігінше өшіріңіз;
Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
Электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
 Алматы келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар
Жаңалықтар
0