Қазақстандық қайтыс болған жұбайының зейнетақысын талап етті - сот шешім шығарды

© PhotoГлава государства провел встречу с судьями Конституционного Суда
Глава государства провел встречу с судьями Конституционного Суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Конституциялық сот зейнетақы аннуитеті бойынша сақтандыру сыйақылары туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексеруге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сотқа арыз жазған ер адамның жұбайы зейнетақы аннуитетін рәсімдеген болатын. Ондайда өмірді сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отырып, зейнетке ерте шығуға болады. Бірақ бірыңғай зейнетақы қорында жиналған ақша сақтандыру компаниясына аударылады. Конститциялық сотқа арызданған ер адам қайтыс болған жұбайының ақшасын қайтаруды талап етті. Сот арызды қарап, алдын ала шешімін жариялады.
"Азамат сотқа өзінің қайтыс болған әйелі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша салған зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясынан біржолғы төлеу туралы талап арызбен жүгінді. Сот Азаматтық кодекстің осы нормасына сілтеме жасай отырып, қайтыс болған әйелдің мұрагеріне талабын қараудан бас тартты. Осы нормаға сәйкес сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады", - дейді сот мамандары.
Дегенмен Конституциялық сот ер адамның өтініші негізінде Азаматтық кодекстің 818-бабы 1-тармағының (ерекше бөлігі) Конституцияға сәйкестігін тексеріп шығады.
Айта кетері, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тікелей зейнетақы алған кезде, төлемдер салымшының шоттағы ақшасы таусылғанға дейін ғана беріледі. Ал аннуитет рәсімдеген жағдайда зейнетақы төлемдері өмір бойы төленеді.
Бұдан бөлек, кепілдік берілген кезең бар. Оны рәсімдеген жағдайда адам қайтыс болса да, зейнетақы төлемдері туған-туыстарына төлене береді. Бірлескен зейнетақы аннуитеті де бар.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2024
11 жылға сотталған ер адамның ісі қайта қаралады: Жоғарғы сот үкімнің күшін жойды
Жаңалықтар
0