https://sputnik.kz/20241031/11-zhylga-sottalgan-er-adamnyn-isi-qayta-qaralady-zhogargy-sot-ukimnin-kushin-zhoydy-48206718.html
11 жылға сотталған ер адамның ісі қайта қаралады: Жоғарғы сот үкімнің күшін жойды
11 жылға сотталған ер адамның ісі қайта қаралады: Жоғарғы сот үкімнің күшін жойды
Sputnik Қазақстан
Сот алқасы заңсыздықтарды ескере отырып, сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді 31.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-31T22:47+0500
2024-10-31T22:47+0500
2024-10-31T22:47+0500
сот
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз алу және сақтау бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандыққа қатысты қылмыстық істі қарады.Істі зерттей келе, алқа келесідей шешімге келді.Нұрпейісовтің кінәсін дәлелдеу туралы қорытындыларғакуәгерлер З. мен С.-ның айғақтары, жеке тінту және сотталғанның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде куәгер ретінде қатысқандар, Нұрпейісовтің кінәсін мойындау туралы қорытындылар, сот-медициналық сараптамалар негізге алынды.Іс материалдарынан куәгер З.-ның бұрын полиция қызметкері болып жұмыс істегені, қылмыс жасағаны үшін сотталғаннан кейін пробациялық бақылауда болғаны анық.Ал тергеу әрекеттеріне қатысқан полиция қызметкерлері З.-ның бұрынғы әріптесі саналады.Сонымен қатар күдіктінің қасына барған кезде оның қолынан ұстап тұрғанын, кейін оны тінтуге кіріскенін көргенін айтқан екінші куәгердің жауабы бағаланбаған. Басқа да заң бұзушылықтар анықталды.Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот алқасы сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот
11 жылға сотталған ер адамның ісі қайта қаралады: Жоғарғы сот үкімнің күшін жойды
Сот алқасы заңсыздықтарды ескере отырып, сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз алу және сақтау бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандыққа қатысты қылмыстық істі қарады.
Істі зерттей келе, алқа келесідей шешімге келді.
Нұрпейісовтің кінәсін дәлелдеу туралы қорытындыларға
куәгерлер З. мен С.-ның айғақтары, жеке тінту және сотталғанның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде куәгер ретінде қатысқандар, Нұрпейісовтің кінәсін мойындау туралы қорытындылар, сот-медициналық сараптамалар негізге алынды.
Іс материалдарынан куәгер З.-ның бұрын полиция қызметкері болып жұмыс істегені, қылмыс жасағаны үшін сотталғаннан кейін пробациялық бақылауда болғаны анық.
Ал тергеу әрекеттеріне қатысқан полиция қызметкерлері З.-ның бұрынғы әріптесі саналады.
"Іске мүдделі адамдардың куәгерлер ретінде қатысуы тергеу әрекетінің хаттамасын дәлелдеме ретінде алуға болмайды деп тануға негіз болады", - деп жазылған Жоғарғы соттың хабарламасында.
Сонымен қатар күдіктінің қасына барған кезде оның қолынан ұстап тұрғанын, кейін оны тінтуге кіріскенін көргенін айтқан екінші куәгердің жауабы бағаланбаған. Басқа да заң бұзушылықтар анықталды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот алқасы сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.