Қарағанды облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуГрузовые вагоны
Грузовые вагоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға 3 қарашаға қараған түні болған.
"Шұбаркөл Көмір" АҚ-сына қарасы кірме жолдда үш жүк вагоны рельстеп шығып кетті. Пойызды жеке меншік компанияның локомотив бригадасы басқарған. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ", - дейді компания мамандары.
Айта кетері, бұған дейін Шилібастау станциясында №4 "Астана – Алматы-2" жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен. Ал Ақтөбе облысында жүк пойызы аударылды.
Вагоны сошли с рельсов в Актюбинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Ақтөбе облысында жүк пойызының вагондарды аударылды – видео
Жаңалықтар
0